Қазақ футболындағы былық оның көсегесін көгертпейді

Қазақ футболындағы былық оның көсегесін көгертпейді

Күні кеше ғана өткен ұлттық құраманың шулы жеңісінен кейін  Қазақстанның ішкі біріншілігі  жалғасты. Сыртқы аренада көзге түсіп, Еуропаны бір дүр сілкіндіргенімен, ішкі біріншілігіміз әлі де былыққа толып жатыр екен. 

«Астана» – «Ордабасы» 2:0

Осы турдың орталық ойыны «Астана» мен «Ордабасы» арасындағы матч болатын.  Дегенмен, ойын басталмай жатып жанкүйерлердің көңілі су сепкендей басылды. Өйткені әдеттегідей Шымкент командасы елордалықтармен кездесуге негізгі құрамның жартысын шығарған жоқ. Ұлттық құрама мүшелері Бауыржан Исламхан мен Сергей Малый тіпті хаттамада болмады. Команда капитаны Асхат Тағыберген қосалқы құрамда қалды. Легионерлердің арасында Петрович пен Матич те тізімге ілінбеген. Мұндай «цирктен» кейін матчты да көруге көбісінің құлшынысы қашып кетті. Оның үстіне, «Астана» бапкері Григорий Бабаянның туған күні екен. 43 жасқа толған бапкерді стадион дикторы өзі хабарлап, құттықтады. Мұның өзі біраз нәрсені аңғартқандай. Бірінші тайм 0:0 есебімен аяқталды. Екінші кезеңде алаң иелері екі гол соқты. Біреуі – автогол. Тіпті, Мбодж деген легионер елорда командасына өзі көмектескендей болды. Осылайша, өте күмәнді бір матч аяқталды. Өткен жылы «Астана» соңғы сәтте чемпиондықты Ақтөбеден тартып алғанын еске сала кетейік. Биылғы маусымда елордалықтар «Ордабасыға» тыным бермейтін сияқты енді.

«Каспий» –  «Қайсар» 1:3 

«Каспий» Алматыда Қызылорданың «Қайсарын» қабылдаған. Күтпеген жерден Виктор Кумыков шәкірттері 3:1 есебімен жеңіске жетіп, үш ұпайға ие болды. Қос команданың бапкерлері – қазақ футболында аты қалған білікті мамандар. Бірақ жаңа ұжымдарда жолдары болмай жүрген секілді. Негізі, «Қайсар» бапкеріне де тықыр таянған еді. Сондықтан бұл жеңіс оларға да ауадай қажет екені түсінікті. Маусым басында үздік үштіктен көрінеміз деген «Каспийдің» жағдайы қиындап барады. Оның үстіне хорватиялық легионер Иван Пешичтің 45 миллион теңге қарызын төлей, клубқа жаңа ойыншы тіркеу салынды.

– Қарсыластың алыстан беретін пастары көп болатынын білдік. Бірақ олардың стандарттары сәтті жүзеге асты. Ауттан допты қосу, бұрыштамалардың бәрін «Қайсар» футболшылары тиімді пайдаланды. Ойыншыларыма өте мұқият болуды ескерткен едім. Бірақ бәрібір де стандарттан гол жіберіп қойды. Әуедегі допқа таласта көп ұтылдық. Тек болары болып, бояу сіңген кезде ғана есімізді жидық. Ол кезде бәрі кеш болатын. Негізі, есеп ашылмай тұрған сәтте төреші біздің пайдамызға 11 метрлік пенальти беру керек еді. Өйткені «Қайсардың» қорғаушысының қолына доп тиіп кетті. Алайда арбитр VAR-да қараған жоқ. Енді бәрін сараптап, әрбір футболшы өзінің ойынын көруі тиіс. Қазіргі басты мәселе – мінез жетіспей жатыр. Сондықтан ұпай жоқ. Түзеуіміз керек. Әйтпесе қиын болады, – дейді «Каспий» бас бапкері Кахабер Цхададзе.

«Шахтер»  –  «Қайрат» 1:1  

«Қайрат» Қарағандыда үш ұпай жинауы керек еді, алаң иелері оған мүмкіндік бермеді.  Көміршілердің қақпасын ұлттық құраманың қақпашысы Игорь Шацкий қорғағанын айта кетейік. 

«Ақсу» – «Мақтаарал» 2:1 

Маусымға өте жақсы құрамды жинақтаған «Ақсу» алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Армениялық жартылай қорғаушы Петрос Аветисян бірінші кезеңде есеп ашып, «Мақтааралды» алға шығарған. Бірақ үзілістен кейін жағдай өзгерді. Алдымен Тони Сильва таразы басын теңестірсе, 71-минутта Мирас Тұрлыбек «Ақсуға» жеңіс сыйлады. «Мақтааралда» маусымға қарқынды дайындалып көптеген жаңадан ойыншыларын өз қатарына қосқан болатын. Бірақ олар әлі нәтижесін бермеуде. Атакенттіктер өз кезегінде қатарынан төртінші рет жеңіліп қалды. Бұдан кейін Константин Горовенконың алдағы тағдырына қауіп төндіруі мүмкін. 

«Жетісу» – «Тобыл» 1:1 

Қостанайлық «Тобыл» маусымның алғашқы ұпайларын жоғалтты, ал олардың қарсыластары, керісінше, алғашқы ұпайын жинады, бұл оларға сенімділікті арттыруы мүмкін.

«Ақтөбе» – «Қызылжар» 1: 3 

Батыстың командаларының үшеуі де осы турда қарсыластарына есе жіберді. Бұған дейін 3 матчта жеңіске жеткен «Ақтөбе» күтпеген жерден өз алаңында Петропавлдан келген «Қызыл-Жардан» ұтылды. Айтпақшы, кездесудің трансляциясы да болмады. Түсініксіз. Әли Әлиев жаттықтыратын «Қызыл-Жар» 12 ұпаймен көш бастап тұр. Команда құрамында жергілікті ойыншылар аз болса да, Петропавл клубының жаңа маусымдағы қарқыны қатты. Қос ұжымның бапкерлері Андрей Карпович пен Әли Әлиев жақсы дос екенін де айтып өтейік. 

«Атырау» – «Оқжетпес» 0:4 

Атырауда не болды? «Атырау» тіптен оңбай жеңілді. Көкшетаудың «Оқжетпес» командасы жауапсыз төрт гол соқты. Алаң иелері тіптен пенальтиді сала алмады. Мұның бәрі көптеген күмәнді ойларға жетелейді. Нақты дәлел болмаған соң, бірдеңе айту қиын. Ойға мүлде сыймайтын ойын орын алды. «Мұнайшылар» қорғаныста көптеген қателіктерге бой алдырды және шабуылда мүмкіндіктерді пайдалана  алмады. Ал көкшетаулықтар керісінше, барлық мүмкіндіктерді мүлт жібермей, қарсыласын жергілікті жанкүйерлердің алдында масқара қылды. Қазақ футболындағы осындай былықтар жалғаса берсе, клубтарымыз еурокубокта қатырмасы анық.

 

РАУАН МУТАИР
06.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 132
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 131
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 647
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 765
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 680
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 690

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8826
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8224
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11451
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9208
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10435