Қазақ тағы да жер болды! Желтоқсандықтар «террорист» атанды

Қазақ тағы да жер болды! Желтоқсандықтар  «террорист» атанды

Таразының басын тең ұстаған жоқ. 1986 жылы алаңға барған қазақ жастарының мүддесі мен мақсаты орындалды кезінде. Қазақтың рухынан, қазақтың қаһармандығынан қорыққан алып держава аш құлақтан, тыныш құлақ дегендей тәуелсіздігін берді. Берді дегеннен гөрі, ақиқатын айтайық, тәуелділіктен әлі арыла алмай келе жатқандаймыз.  «Ұр тоқпақ» кімнің қолында тұрғандығын «өз басым» іштей сеземін. Оны айтсақ, «іріткі салушы» деген қарғыс таңбасын басып шыға келетін ақылы таяз қоғамды басқарушылардан, шындығы керек, жасқанатын болдым.

Қазір барлығы «ұлы додаға» кіріп бағын сынамақшы, барлығының есіл-дерті мандат, кандидат болып көзге түсу, жоғарғы жаққа бару, жету. Есегімізді судан өткізіп алсақ болды, одан кейінгі қазақтың мүддесі мүрде болса да бәрібір деп тұрғандай.

Сандықтаудағы Л.Ловягинаның соты аяқталды. Еліміздің әр түкпірінен келген желтоқсандық жігіттер Л.Ловягинадан мықтап тұрып жеңіліп,  елдің алдында таза масқара болды. Қаншама қаражат жинап, ұлттың намысы барлығынан биік деп келген аға-апаларымның бұл жеңілісі 1986 жылы ұрып-соққан жендеттерден де сұмдық болды.

Судья Л.Ловягинаны ақтап «жазықсыз» деп шешім шығарып берді. Шығарды. Заңда солай жазылған-мыс. Әйтеуір «аузымен авария» жасаушыны сүттен ақ, судан таза, періште қылып шығарды. Ал әгәрәки осының орнында өзіміздің қаракөз отырса, әкімшілікпен  шляпасын ауыстыртып, қылмыстық іске аударып, шырылдатып қамайтын ба еді?  

Желтоқсандықтардың жанайқайын жеткізіп, «намысты» қолдан бермеймін деп жұрттан бұрын оянған заңгер  Әлібек аға Алмабаевқа мың да бір алғыс! Шырылдап шындық үшін іздеп еді. Бірақ заңның әлсіздігі адвокат азаматтың арызын жоққа шығарды.  Біздің қазақта «ұят» деген ұғым бар. Өз басым біреу менің адресіме сөз айтса, іштей талдап, талқылаймын. Ал Ловягина болса, өзінің айтқанын өзі мойындап видеоүндеу жасап, қазақ халқынан кешірім сұрады. Ал үстел басындағы әңгімені естіген азамат облысқа т.б. арыз жазып, «халқымның намысы кресломнан қымбат емес...» деген еді.

Бәрі әдірәм қалды. Үміт сүрініп жығылды. Сенім ақталмады.  Әншейінде намысым, қазағым деген әңгіме жай бәлду әңгіме болды. Ал, ағайын, жеңілген күреске тоймайды. Ловягина жеңдім деп отырған шығар. Жоқ, намысты ағаларым мен көкірегінде намысы бар апаларым бұл істі жай қалдырмайды. Аудандық сот шешім шығара алмаса, облыс бар, республикалық бар. Қысқасы, алдағы аламанға бәйгесін қосқандардың арманы жоғары жалақы алып,  жайлы өмір сүру. Мен ешқандай партияның атынан үміткер де емеспін, тіпті алатын еңбекақымды айтсам, осы жұрт сенбейді. Тырақы мініп, тыраштанып өмір сүріп жатырмын.  Ақша. Атақ. Мансап. Депутаттық креслодан гөрі маған ұлтымның  биік тұрғандығы қымбат. Әр қазақтың құқығы қымбат. Әр қазақтың көз жасы қымбат. Әр қазақтың сенімі қымбат! Ал атақ үшін жүргендерге айтар сөзім жоқ. Ұлы сайлау да өтер. Мақсатына жұрт жетер. Бірақ намыстың өлгені өкінішті болып тұр. Бұдан асқан, ағайын, қорлық жоқ шығар!..

Қазақ болып туғаныма мақтанам, бірақ осындайда кірер тесік таппай қысыламын! Қазақтың сүйеніші заңы емес, бір құдай ғана болып қалды.

Жеңіс Оспанов, журналист
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 123
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 123
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 314
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 308
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 931

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9003
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8398
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11624
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9381
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10608