Қазақ тілі мәселесін шешетін кез келді

Қазақ тілі мәселесін шешетін кез келді

 

Достар, бұдан былай посттарымның басым бөлігін қазақ тілінде жазамын деп шештім. Әрине, кейбір кәсіби посттарды болмаса, соңғы уақытта тек қазақ тілінде ойларымды жазып жүрмін. Қазақ тілінде ойымды жаза отырып, қазақ тілінің университеттерде дамуына қатысты ойымды сіздермен бөліскім келеді.

 

Біздің университетімізде қазақ тілінде оқыту мәселесі күн тәртібінде тұр. Бұл мәселе тек біздің университетімізге ғана қатысты емес, еліміздегі барлық оқу орындарында бар деп есептеймін. Менің ойымша, бұл жақсы үрдіс емес. Біз жүргізген талдауға сүйене отырып, қазақ тілінде оқыту жүйесінде қателіктер бар екенін анықтадық. 

 

Осыған байланысты негізгі екі себепті көріп отырмыз. 

Бірінші себеп, қазақ тілді контенттің өте аз болуы, әртүрлі салаларда қазақ тіліндегі кітаптар мен оқулықтардың аздығы және бар болса да сапасының төмен болуы. Сонымен қатар, қазақ тілінде сапалы кітапты жазатын мамандардың аздығы да негізгі себепке жатады. 

Екінші себеп, қазақ тілінде сабақ беретін, пәндерді жүргізетін мықты оқытушылардың азаюы. Мен бұл жерде барлығына топырақ шашпаймын, бірақ біз көріп отырғанымыздай бұл жерде мәселе бар. Мысалы, қазақ тобына түсетін студенттер орыс тобына ауысып жатыр. 

 

Жоғарыда жазғанымдай, бұл тек университеттің ғана емес, елдік мәселе. Сол үшін біз қазір қазақ тілінде үлесті арттыруды өз алдымызға жеке міндет ретінде қойып отырмыз.  

 

Біз төмендегідей нақты шешімдерді қабылдап бастадық.

Бірінші, студенттердің сапалы білім алу бойынша тең мүмкіндікке ие болуы үшін, заманауи және сапалы білім беру жолында мықты кітаптарды қазақ тіліне аударудамыз. Мысалы, қазіргі таңда университетіміз әлемнің үздік кітаптарын сатып алады, әрине олар ағылшын және орыс тілдерінде. Ал қазақ тіліндегі бар кітаптар заманның ағымына сай емес, сондықтан біз аударма мәселесін қолға алдық. Себебі, Қазақ мемлекетінде қазақ студенттердің өз ана тілінде толыққанды сапалы білім алу құқығына ие болмауы әділетсіздік деп есептеймін. Университеттерде барлық кітаптардың қазақ тілінде нұсқасы болуы керек, ал, егер елімізде жаңадан басылып жатқан кітаптар орыс немесе ағылшын тілінде жазылса, ол міндетті түрде қазақ тілінде де болуы керек.

 

Екінші, алдағы уақытта қазақ тілді мықты PhD докторларды, «Болашақ» және басқа да халықаралық бағдарлама арқылы шетелде оқыған өз саласында үздік оқытушыларды университетімізге шақырамыз. Себебі, университетіміздегі үздік ұстаздардың басым бөлігі орыс және ағылшын тілді екенін көріп отырмыз. Бірақ, шетелде оқыған мамандарды тартуда да мәселелер бар, олар елге қайтқысы келсе де, лайықты тиісті қызметтер елімізде аз, елге келгеннің басым көпшілігі корпоративті секторда қызмет етеді. Ал оларды университеттерге шақыруымыз керек. Сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасымен оқуға түскісі келетін мамандардың қазақ тілін жоғары деңгейде білуін талап етуіміз қажет.

 

Үшінші, университетіміздің орыс тілінде оқытатын мұғалімдері мемлекеттік тілде оқытқаны үшін 1 қыркүйектен бастап қаржылай ынталандырып жатырмыз. Сонымен қатар, оларға қазақ тілінде еркін сабақ беруі үшін арнайы курстарды жүргізуді ұйымдастырамыз.

 

Бұл мемлекеттік мәселе екенін баршаңыз байқап отырсыздар, жалғыз біз сияқты университетке мәселені бірден шешу қиынға соғады. Сондықтан, осы мәселе мәжілісте ашық талқыланып, үкімет жауапкершілікті мойнына ала отырып, жүйелі шешімдер қабылдауы қажет. Жай ғана «қазақша сөйле» деп айғайласақ мәселе бірден шешімін таппайды, сондықтан ауыл-аймақтардан қазақ тілінде білім аламын деп келетін студенттерге жағдай жасап, кітаптарды сапалы түрде қазақшалауымыз керек. 

 

Ел мүддесі үшін аянбай қызмет етуге баршаңызды шақырамын!

Талғат НАРИКБАЕВ ФБ парақшасынан
08.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 87
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 90
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 199
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 417
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 380
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 999

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9074
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8472
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11698
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9461
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10678