Қазақ – тілін аспанға жазған халық

Қазақ – тілін аспанға жазған халық

«Жасандыда шала көп, ал жаратындыда даналық бар. Жаратындыны қазған сайын даналық шыға береді» деген ғұлама ғалым Ақжан Машани сөзінің жаны бар.  Ертедегі түркі жұртының жұлдызшылары, есепшілері астрономиялық сөздерді көркемдеп есеппен үйлестірген. Көркем сөзді, сөзі жүйелі елдің ішкі жан дүниесі мен ойлау қабілеті бай, әсем келетінін қазір күллі әлем біледі. Сөз жүйесіне қарап, ұлтын таниды.

Осыны білген байырғы түркі жұрты аспан денелерінің құбылысын, қызметін сөз үйлесімімен рет-ретімен тура көрсеткен. Иә, бұл шынында солай. Біз күнделікті айтып жүрген кейбір мақал-мәтел мен тұрақты сөз тіркестері осыдан он, он екі мың жылдан астам уақыт бұрын шыққанын біріміз білсек, біріміз білмейміз. Қазақ халқында ауызекі тілде қолданып келе жатқан сондай астрономиялық мәнге ие сөздің бірі – «Ит арқасы қиянда» сөзі. Бұл сөздің шығуы аспандағы Арслан, Асад, жұлдыздар тобы мен Ұлу жылы және Ит, Тауық бұрыштарына қатысты. Осы Арслан, Асад жұлдыз тобы мен Ұлу жылы бұрышының көгі, аты (планетасы) – Күн. Бұл – аспан қақпасының шыңы. Бұның аспан шыңы болуы Көк Шөміш пен Жетіқарақшыға байланысты. Арыстан баб қақпасы деп жүргеніміз – осы. Осы жұлдыздарды сығалап қараса, төбеде Темірқазық тұр. Сол Темірқазық жердің де, дүниенің де кіндігі. Темірқазық арқылы барлық бағыт, төрт тарап пен тоғыз торапты болжауға болады. Көк Шөміш –Темірқазық сызығының басы Ұлу мен Арслан жұлдыздарынан басталып, екінші басы Көнек, жылы Ит, жетінші қат көк Зухал, Шанжар, Сатурн жұлдыздар тобымен жалғасады. Бұл ұлы жол – Ұлу жолы, Күн жолы, Құй жолы – Шөміш, Көнек жолы Ит бұрышымен жалғасады.

Аспан қақпасы мен Құй жолына қатысты жазсақ, аспан көгінде Ай мен Күн бұрыштарына қарама-қарсы бетте Ит пен Тауық бұрышы тұр. Осы бұрышқа қарай Ұлу бұрышынан сызық тартса, аспан арбасының  екі Арысы пайда болады. Ал Жерде Арыс өзенінің құйылысында Отырар жерінде Арыстан баб кесенесі салынған. Ол жерді біз Арыстан баб қақпасы дейміз. Отырар ауданының қазіргі Талапты ауылының тұсында шынында Арыс өзені Сырдарияға құяды. Сөйтсек, Жер әлемі аспан әлемінің сәулесі екен. Он сегіз мың ғаламның ғажайып сырын ұғынған ғұлама ғалым әл Фараби: «Сан берген сана берген, санат берген, Инсан деп адамзатқа ол ат берген. Жаратып барша әлемді жалғыз нұрдан, Жауһари нұр сәулесін тарат деген!» – деп, әлемнің нұрдан жаралғанын нақтылай түседі.  

Сонымен, Ит жануары – Болпан, Шолпан, Бикеш аттарының (планеталарының) жануары. Жетінші қат көк иесі Ит бұрышы дедік. Ол Санжар қазына иесі. Ит – жеті қазынаның бірі. Жоғарыда жазғандай, аспан шыңы Жеті Қарақшы мен Көк Шөміштің басынан Арслан қақпасынан Темірқазық арқылы сызылған сызық осы жеті қат көк иесі Ит бұрышына соғылады дедік. Қазақтың мифтік кейіпкері Өгіз ханының аспан арбасының «Ит арқасы қиянда» сөзінің мәні осында екен. Қазақ лексиконындағы «ит пен құс» деген сөз де осы аспан құбылысына қатысты айтылған астрономиялық сөз.        

Мүшелдік Жыл басына таласып Күннің шығуын күтіп тұратын аңдар туралы аңыз бар емес пе? Сол жерде түйе жануары бар еді ғой. Әлі күнге дейін ел аузында «Түйе бойына сеніп, Жылдан құр қалыпты» деген сөз айтылады. Бұл сөзден біз бір замандарда Түйенің де мүшелдік Жыл басы болғанынан хабар аламыз. Оның дәлелі халық астрономиясында «Ертеден ерте заманда Түйенің құйрығы жер сызғанда, Ешкінің мүйізі көк тіреген заманда» деген сөз, бір кездері түйенің мүшелдік жыл басы болған уақытын білдіреді. Бұл шамамен он мың жылдан астам бұрын уақыт деседі. Түйе жануары бір кездері мүшел жыл қайыру есебіне енбеген болса, ертедегі жұлдызшылар мұндай сөз жазбас еді. Түйе жер мен жаз жануары болғандықтан, оның құйрығы жерде жатады. Ал ешкі – қыс жануары. Зодиак бойынша Ай Ешкі жұлдызына қыста, қаңтар айында аялдайды. Қаңтар айында Ешкі шоқжұлдызы аспан төрінде жарқырап көрініп, қыс мезгілінің  сәні мен мәнін келтіргендіктен, «Ешкінің мүйізі көк тірегенде» деп көркемдеп сөз саптаған.    

Сондай-ақ, «Асықпаған арбамен қоянға жетеді» деген астрономиялық сөз де уақыт еншісімен ілесіп келе жатыр. Осыдан 4-5 мың жыл бұрын тастарға қашалған түркі тектес халықтардың Орхон – Енисей жазбаларынан сүйретілген арба, оның дөңгелектері, өгіз суреттерінің таңбасы табылған. Таңбадағы дөңгелек Күн сипатын береді. Күн, ол – аспан арбасы. Уақыт бедері. Аспан әлемінде шынында Ай өз осімен айнала отырып Жерді айналса, Жер айнала отырып Айды ілестіріп, Күнді айналады. Ал Күн  өзге планеталарды және олардың  нөкерлерін ілестіре Галактиканы, Құс Жолын айналады. Күнді аспан арбасы деуі осыдан. Асықпаған дегені – уақыт, жылжыған өмір. Өлмегенде Ай басы «Қоян» көріс айы Наурыз келеді. Ай басы «Қоян» деуіміз – Қоян – Айдың жануары. Айдың үйі. 

Наурыз айында Күн бір жұлдыздар тобының тұсынан шығады. Сол замандағы жұлдызшылар мұны білуге міндетті болғанға ұқсайды. Осы екі мың жылда ауысып тұратын астрономиялық күрделі құбылысты астрономияда прецессия дейді. Бір кездері Күннің Балық шоқжұлдызының тұсынан шығатынын білгендіктен, қыстан аман шыққан елді «Ұзынның ұзарып, жіңішкенің үзілетін кезін «Өлмегенге өлі балық жолығады» деп, астрономиялық құбылыстарға қатысты айтқан екен. 

Адамзаттың жер бетіндегі тәулік санауы, мезгіл ауысуы, ауа райы өзгеруі – бәрі-бәрі аспан денелерімен байланысты. Малшаруашылығымен айналысқан түркі жұрты Үркер, Сүмбіле, Таразы осы үш шоқжұлдызының көкте көрінуі мен батуына қарап сағат білсе, жыл мезгілінде аспан көгінде пайда болуы мен жоғалуына қарай маусым ауысуын, мал күйттеп, күзен салып, күйік алатын кезді, егістік егу уақытын бастаған. Бұл үш жұлдыз мамыр айының 10 күні түнде бірінен кейін бірі ғайып болған.  Ол қырық күнге тасаланады. Халық арасында оны «Үркер жамбасқа түсті» дейді. Астрономияда шынында Үркер жұлдызы осы уақыт аралығында Күннің артында жасырынып қалады екен. Қырық күннен кейін маусым айының жиырмасына күншығыстан таң ата көріне бастайды. Ежелгі жұлдызшылар оны «Үркер туды, сорпа ас болады» деген. Бұл – қыстан арып шыққан малдың семіре бастайтын кезі. «Үркер жерге түспей жер қызбайды. Үркер жерге түсіп еді, шөп шықты», «Үркер жерге түссе, жер көктейді де, малдың аузы көкке тиеді, адам аузы аққа тиеді» деген екен ертедегі қазақ.     

Үркер қыс айының жұлдызы ғой. Әлгі сиырдың айыр бақайынан Үркер қашып шықпағанда Жер бетінде ауа райы жылы боп тұрушы еді деуі содан. Жаратқанның өзі жануарды ынсапты етіп жаратқан. Үркер жұлдызы қырық күн жерде жатқанда қошқарда ұрық болмайды екен. Тек Үркер көтерілгенде ғана ұрық болады екен. Қазақтың «Үркер көтерілді, қошқар басын көтерді» деген сөзі осыдан. 

Сонымен, сөздің иесі мен киесі аспанда екен. Көреген баба көркемдеп, көктеп, әдіптеп оны бізге мирас қып қалдырған. Саясат, еуро орталықтандырған идеология қазақы сөздерді ұмыттыруға әрекет еткенмен, Жаратқан түркі жұртының алдында ұлы Сөздің құпиясы мен сырына үңілдіріп,  біртұтас тамырластыққа  жол ашып жатқаны да рас. Десек те, біз келер он мың жылдықта ұрпаққа не Сөз қалдырар екенбіз?  

Себебі сіз бен біз іздеген Ұлттық код қазақтың өзі мен сөзінде жатыр.     

   

PS: Ғалымдардың астрономиялық Мүшелдік жыл санау есебіне қарап, қазақ халқы мен тамырлас түркі жұртының шығу дәуірінен ақпарат аламыз. Аспан денелерінің физикалық қозғалыстарына қарай әр мүшелдің Жыл басы болғанын білеміз. Бір мүшел жыл басы болып екі мың жылдан астам уақыт тұрады екен. Мысалы, қазіргі мүшел жыл басы Тышқан жылының жыл басы болғанына екі мың жыл боп қалған. Осыдан бес мың жыл бұрын Сиыр жыл басы болса, одан әрі қарай Барыстың жыл басы болғанына жеті мың жыл болған. Әрі қарай Қоянға тоғыз мың жыл өтсе, Түйенің жыл басы болғанына – он мың жыл. Ал Ұлу – Арслан жыл басы болған кезең осыдан 12000 мың жыл бұрын болса керек. 

 

Зүбәйра Тілегенқызы, журналист
07.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 125
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 162
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 159
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 125
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 269
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 273
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 482
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 445

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9143
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8542
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11770
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9536
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10750