Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жүргізілуде

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жүргізілуде

    Ведомствоның баспасөз қызметі: «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы Көкшетау қаласындағы «Рио» сауда ойын-сауық орталығы туралы 2021 жылдың тамыз айында әлеуметтік желіге жарияланған роликтер негізінде «Рио» сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігімен кездесіп, «Тiл туралы» және «Жарнама туралы» заңдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді»,— деп хабарлайды. «Botai development» акционерлік қоғамының коммерциялық директоры А.Тәшенов: «Көкшетауда мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тілден зияткерлік ойыны өткізілді. Жұмыс барысында, «Botai development» акционерлік қоғамына қарасты «Рио» сауда ойын-сауық орталығы, «Орталық базар», «Рубин» сауда орындарындағы тіл заңнамаларына қайшы келетін сыртқы жарнамаларды түзету қажет екені ескертілді. Сонымен қатар, Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығы тарапынан аталмыш сауда орындарының әкімшілігіне, сатушыларға арналған мемлекеттік тілді оқыту курсының ашылатынын және онда қазақ тілін ақысыз үйренуге жағдай жасалатыны айтылды. Қазіргі уақытта «Рио» сауда ойын-сауық орталығының сыртқы ақпараттары мен жарнамалары қазақ және орыс тілінде жазылған. Әсіресе, «Пульс» дәріханасында Тіл заңнамаларына қайшы келетін ақпараттар түзетілген, кейбір тек орыс тілінде жазылған ақпараттарды алып тастаған. Дегенмен, кейбір сауда орындарында әлі де болса, тек орыс тілінде жазылған ақпараттар анықталды. Ол заңбұзушылықтар негізінде сатушыға Тіл заңының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. ««Рио» сауда ойын-сауық орталығында және басқа да сауда орындарда сыртқы ақпараттарды тіл заңнамаларымен сәйкестендіру жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Ал, сауда орындарындағы барлық ақпараттар мен жарнамаларды заңға сәйкес жазып, тұтынушыларға қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсету үшін біраз уақыт керек», — деп ақпарат берді  Облыстық ішкі саясат басқармасынан атап өткендей, аталған сауда және қызмет көрсету орындарында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жұмыстары одан әрі жалғаса бермекші.

Ермек Сахариев
23.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 235
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 373
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 370
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 602
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 544

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9247
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8643
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11870
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9641
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10852