ҚАЗАҚ ТОПЫРАҒЫ ҚҰТТЫ МЕКЕН

ҚАЗАҚ  ТОПЫРАҒЫ ҚҰТТЫ МЕКЕН

Отанды қорғау қасиетті борыш, әскерге бару Ата заңда жазылған азаматтық парыз. Әскер қатарына әр түрлі жастар шақырылады. Тек ауылдан шыққан қара домалақтар ғана әскер қатарына қосылуға асық деген жаңсақ пікір екенін Ұлттық ұланның  5513 әскери бөліміне барғанымызда көзімізді жеткіздік. 

Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімі материалдық – техникалық жөндеу ротасының жауынгері қатардағы Сергей Ким жоғары білімді азамат. Ол Алматы қаласының тумасы, аталмыш қалада мектепті аяқтап, жоғары оқуға сәулетші мамандығы бойынша түскен. Екі жыл магистратурада оқыған. 
Алыстағы Жапонияда білімін жетілдірген жас өрен. Өзінің шығу тегі 
бойынша былай дейді¶:

– Иә, кәріс халқы кезінде қазақ жеріне жер аударылған халықтардың бірі. Менің көптеген 
таныстарымыздың шығу тегі сол Қиыр-Шығыс кәрістер. Қиын-қыстау кезінде жер аударылып, осында екінші Отан тапты. Қазақ топырағы олар үшін құтты мекенге айналды. Қазақ халқына айтар алғысымыз шексіз. Менің атам Борис Ким Сахалин түбегінің тумасы. Кеңес Одағы кезінде өз күшімен Мәскеу қаласына барып, механика-математикалық факультетке түскен. Сол жерден жолдама бойынша Қазақстан Республикасы, сол кездегі Ақмола қаласына жіберілді. Кейін Алматы қаласына көшіп барған. Ол жерде менің әкем Ден туылды. Әкем анаммен танысты. Анам неміс ұлтының өкілі. Отбасымда ең үлкені менмін. Мен де атам секілді нақты ғылымдарға қызықтым. Нәтижесінде, сәулетші мамандығын таңдадым. Бұнымен қоса, IT саласын да меңгердім. Әскерге дейін Алматыдағы банктердің бірінде есептеуші құрылғыларды қолдану бойынша жұмыс жасап жүрдім,–дейді қатардағы С. Ким.

Әскерге қалай келгені туралы да айтып берді. «Шетелде оқып жүргенде елімді қатты сағындым. Сол жерде жүріп туған жердің қадірін одан әрі, одан тереңірек түсіне бастадым. Жапония әлемдегі идеалды қоғам құра білген озық технологиялық ел. Біздің елді салыстыра алмаймыз. Солай десек те, мен үшін Отанымыздың орны ерекше. Біз оны қатты құрметтеуіміз керек, сүйгеніміз жөн. Шетелден елге келгенде әскерге шақыру науқаны туралы естідім. Жасым болса, жиырма беске келді. Өзімнен кіші балалармен әскерде қызмет атқаруға ынта болмады. Сонда да, заңның аты – заң. Біз азаматтық борышымызды өткеру керекпіз. Құжаттарды жинап, қаладағы қорғаныс істер бойынша департаментке қырық күндік әскерді өткеруге бардым. Алайда, сол кезде Ұлттық ұлан қатарына адам жетпей, мені бірден әскерге алып кетті. Мен заңды сыйлайтын адаммын. Сонықтан осы шешіммен келістім». 

Сергей әскери бөлімдегі жасы үлкен сарбаз. Онымен құрдас сарбаз Сергейден екі жасқа кіші. Қалғандарының барлығы он сегіз, жиырма жастағы жауынгерлер. Сергей Денович бұған қынжылмайды. Басқа жазған дүниемен келісіп, заң атаулысын сыйлайды. Ұлттық ұланда оның құқықтары толығымен қорғалатынына сенімді. Ол да өз кезегінде қолына қару алып, азаматтық борышын атқаруға дайын. «Ұлттық ұлан әскері -тәртіп орнаған әскер. Мен алдымен әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Бауыржан Қансейітовке, рота командирі мен оның орынбасарына, оқу орталығынан бері мені үйретіп жүрген  сержанттар құрамына алғысымды айтқым келеді. Олар мені бірінші күннен бастап әскери мамандықтарға машықтандырды. Бір бірімізге қамқорлықпен қараймыз. Біздің қазақстандық қоғамның ерекшелігі осында. Мен өз елімнің патриотымын», – дейді С.Ким. 

Рота басшылығының айтуынша, сарбаз Сергей ротадағы тәртіпті сарбаздардың бірі. Онымен қоса, ротада қоғамдық жұмыстармен айналысатын ынталы жастардың қатарында. Оның өмірлік тәжірибесі мен білімі ұжымды біріктіруге жақсы ықпал етіп келеді. Ол тек азаматтық өмірде ғана емес, әскери салада да бірліктің негізін қалаушы әскердегі сәулетші. 1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын!

Капитан Динара ЖАҚСЫБАЕВА, 5513 әскери бөлімі
01.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 328
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6432
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8044
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6511
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6648