Қазақстан – адамзат өмірін биік қойған көшбасшы ел

Қазақстан –  адамзат өмірін биік қойған  көшбасшы ел

40 жыл бойы Семей ядролық полигонында кемінде 468 ядролық сынақ болып, онда 616 ядролық және термоядролық құрылғылар жарылды. Жапония Хросима мен Нагасакиге тасталған бомбаны дүниежүзі бойынша трагедия ретінде атап өтіп, жоқтап жатады. Қазақстандағы 1963 жылға дейін Семей полигонында атмосферада сыналған ядролық зарядтардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2500 есе асып түсті. Ядролық қарудың соңғы сынағы полигонда 1989 жылы өтті. 

Тәуелсіздік алғаннан соң Қазақстан әлемде төртінші орында тұрған ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні – 29 тамыз, бұл күн 18 жылдан кейін БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында арнайы қарармен ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жарияланды.  Бұл өзге елдерге сес көрсетіп, саяси күш беретін қарудан бас тарту – Қазақстан мемлекетінің бейбітшілікті бәрінен биік қойып, өлімді емес, өмірді қолдап, адамзаттың амандығы үшін жасаған үлкен бір қадамы болды. Осынау дүниенің күлін көкке ұшыратын қарудың адамзатқа ғана емес, табиғатқа орасан зияны барын, тіпті ядролық арсеналы бар елдер соғысып жатса, тіршіліктің жоғалып кетуі мүмкін екендігін бәрі біледі. Сондай зауалдың алдын алған Қазақстанның жаһандық бастамаларының бірі 2015 жылғы желтоқсан айында БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация қабылдағаны болды. Бұл бейбітшілік бастамасында Қазақстан бүкіл адамзаттың өмірін биік қойған көшбасшы ретінде көріне білді. 

Мыңдаған, миллиондаған елдің басына нәубет әкеліп, бейкүнә жандардың өліміне себепші болған соғыс атты зұлматтың зауалын адамзат баласы ұғынуы үшін көптеген ғасырлар қажет болды. Бүгінгі бейбіт күннің өзінде жер шарының бір түпкірінде қарапайым халықтың қырылып, ішқұса болып, қарақат көздерін қан жауып жатқандығын ойлаудың өзі қорқынышты. «Дүниежүзінің басты назарында тұрған Украина жерінде болып жатқан соғыс ядролық қарудың дүмпуіне әкеле ме?» деген үрей көп елді алаңдатып отыр. Қазақстанның бейбіт бастамасы бүкіл әлемге үлгі болса, саяси тұрғыдан позицияны былай ысырып, әуелі адам өмірін мемлекет басшылары бірінші орынға қойса, дүниежүзіндегі бейбітшілікті сақтап тұруға адамзат болып атсалысар едік. 

Көп жылдар бойы ұлт қасіретіне айналып отырған Сирия Араб Республикасындағы соғыста да Қазақстан қауіпсіздікті алға тартып, ымыраға шақырып, бітімгершілік шараларымен айналысты. Еліміз өз шаңырағындағы татулық пен тұрақтылықтың тізгінін ұстап қана қоймай әлемнің түйіткілді мәселелерінде өз бастамаларын ұсынды. Әртүрлі дін өкілдері, этнос өкілдері бір қара шаңырақтың ішінде бейбін өмір сүріп жатқан еліміздің әлемдік қауіпсіздік пен тұрақтылықты бірінші орынға қойып отырған қазіргі позициясы барша мемлекеттерге үлгі боларлық іс дер едік. 

Дидар ҚАЙРАТ
28.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 94
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 129
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 129
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 38
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 94
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 239
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 242
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 456
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 417

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9116
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8514
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11742
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9508
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10722