Әскери мақсатта пайдаланылуы мүмкін техникалардың (ұшақтардың бөлшектері, гидроакустикалық жүйелер, антенналар, спектрофотометрлер, сынақ жабдықтары, GPS жүйесі, вакуум сорғыштары, мұнай өнеркәсібінің құрал-жабдықтары т.б.) қай елдерге жеткізілуі Ақ үйді алаңдатып отыр. Соған қатысты Ресей мен Беларуське тыйым салынған тауарларды жеткізуі ықтимал елдердің бірі ретінде Қазақстан АҚШ-тың қара тізіміне ілікті. Бұл тізімде Қазақстаннан бөлек Қырғызстан, Грузия, Армения, Бразилия, Қытай, Үндістан, Израиль, Мексика, Никарагуа, Сербия, Сингапур, Оңтүстік Африка, Тайвань, Тәжікстан, Түркия, Біріккен Араб Әмірлігі және Өзбекстан да бар. Ақ үй билігі енді сөзден іске көшіп, нақты санкция салуға кірісті.