Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы мониторингі агенттігіне жолдаған сауалында депутат Мақсат Раманқұлов: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне арналған кешегі кеңесте бұл дерт еліміздің дамуына елеулі қиындықтар туғызатынын айтты. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықты жою жөнінде тапсырмалар берді. «Ақ жол» партиясының саяси бағдарламасында сыбайлас жемқорлық мемлекеттігімізге негізгі үш қатердің бірі ретінде көрсетілген. Бүгінгі таңда Казақстан халқынын ұрланған қыруар қаражатты елге қайтаруды маңызды мәселе деп санаймыз. Біздің фракция соңғы жылдары, «Панама тізімі», «Райское досье» және Швейцария банктерінің қазақстандықтырдың шоттарына қатысты депутаттық сауалдарымызда осы мәселелерді бірнеше рет көтерген болатынбыз. «Tax Justice network» халықаралық ұйымының мәліметі бойынша, соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелдік офшорларға шамамен 140-160 миллиард АҚШ доллары шығарылған. Бұл бүкіл елдің жылдық ішкі жалпы өнімі мен оның сыртқы қарызына тең. Кейбір мәліметтерге сәйкес, соңғы бес жылда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары каражатты шетелге заңсыз шығару фактілері бойынша екі жүзден астам іс қозғаған. Алайда, нақты нәтижелері туралы ештеңе белгісіз. Сонымен қатар, қаңтар қасіреті кезінде кейбір олигархтар Қазақстаннан жеке ұшақтармен кетіп қана қоймай, қыруар қаржыны шетелдегі есепшоттарға аударған туралы ресми емес ақпарат бар. Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы Қаржы мониторингі агенттігіне тиісті ұсыныстар жасап, мынадай сұрақтарын жолдайды: 1) Агенттік құрылғаннан бері Қазақстан экономикасына офшорлық аймақтардан нақты қанша қаражат қайтарылған туралы ақпарат беру. 2) Қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде Қазақстаннан шетелге кандай көлемде қаржы шағарылды? Оны кімдер шығарды, кімдердін шоттарына түсті? Сол күрделі күндерде көлеңкелі капиталдар шығарылды деген күмәніміз бар. Ол адамдар тағдырын елімізбен байланыстырмаса, қалаған жерде қала берсін. Бірақ шығарылғын қаражат халықтан ұрланған болса, елімізге қайтарылып, экономикаға жұмыс істесін. Сондықтан бұндай фактілер болған жағдайда, салық органдарынан мұндай қаржының шығуының заңдылығын және олардың тиісті салықтарды төлегенін тексеруін сұраймыз», — деді.