Қазақстан даму банкі олигархқа неге «мырзалық» танытқан?

 Қазақстан даму банкі  олигархқа неге  «мырзалық» танытқан?

Қаржы сарапшылары: «Алтын өндіретін RG Gold және RG Processing компанияларының активтеріне иелік ететін олигарх Болат Өтемұратов өз бизнесін дөңгелету үшін Қазақстан даму банкінен Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 126,8 млрд теңге несие алған.  Елдегі шешуін күткен өзекті мәселелердің бәрін ысырып қойып Қазақстан даму банкі онсыз да қалтасы қалың Өтемұратовтың алтын бизнесін қолдауға қыруар қаржы бөлгені көкейде көп сұрақ туындатады.  Басқаларға алақаны ашылмайтын банк оған келгенде неге «мырзалық» танытты?» – деген заңды сұрақ қояды. Шындығында да,  Болат Өтемұратов – еліміздегі ең дәулетті адамдардың бірі. 2022 жылдағы мамыр айындағы жағдай бойынша 64 жастағы миллиардер 2,8 млрд доллар байлығымен Қазақстандағы ең бай адамдардың тізімінде алтыншы орынға жайғасқан. Олигархтың Қазақстанда айналыспаған бизнесі кемде-кем. Солардың бірі – алтын өндірісі. Shishkin_like каналының жазуынша, RG Gold, RG Processing компаниялары еліміздің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты маңайлап жүретін Болат Өтемұратовқа тиесілі. Осы жерде мемлекетке қол жайған олигарх ForteBank-тің 89,35 пайызы (банктың капиталы 277,7 млрд теңгені құраса, жалпы активі 2,42 трлн теңгеге жеткен),  «КаР-Тел» ЖШС-ның 25 пайызы, «Sky Mobile» компаниясының 49,9 пайызына иелік ететінін айта кеткен артық болмас дейміз. 

Ермек Сахариев
07.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5193
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5353
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20318
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18953
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22418