«Qazaqstan dauiri» газетінің бас редакторы Е. Айғалиұлына Министрліктің жауабы

«Qazaqstan dauiri»  газетінің бас редакторы Е. Айғалиұлына  Министрліктің жауабы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі еліміздің орта білім беру ұйымдарында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін дербес пән ретінде бөліп оқыту және оқыту бағдарламаларын жетілдіру бойынша жазған ұсыныстарыңыздың назарға алынғанын және төменде аталған жұмыстардың жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Білім беру ұйымдарында мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру, оны дамыту мен қолдану міндеттері басты мәселелердің бірі. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған орта білім берудің жаңартылған мазмұны республикада 2016 жылдан бастап енгізілді. Қазіргі уақытта оқулықтардың мазмұнын жетілдіру, оларды оқу процесінде пайдалану практикасын ескере отырып, білім беру сапасын арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 

Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері, әдістері мен тәсілдері 

2021 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және жаңа көзқарас» тақырыбында өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің съезінде қаралды. Съездің қорытындысы бойынша, қазіргі таңда, жұмыс тобымен оқыту бағдарламалары жетілдірілуде. Атап айтқанда, қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін бөліп оқыту, «Қазақ тілі» пәнін оқытуда функционалдық-коммуникативтік дағдыларды дамытумен қатар грамматиканы жетілдіру, грамматиканы жүйелеу, оны меңгертуге басымдық беру, лексикалық тақырыпты грамматикалық тақырыппен сәйкестендіру, оқытылатын шығармаларды қайта қарау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар пәндерді бөліп оқыту республикалық бюджеттен қосымша қаражат талап ететінін және оқушының жүктемесін ұлғайтатынын да ескеру қажет. 

Министрліктің білім беру жүйесін дамытуға бағытталған жоспарларының табысты іске асуы қоғаммен өзара байланысынан көрінетіні анық. Осы ретте, мемлекеттік тілді оқыту мәселелерін жетілдіру бойынша өз ұстанымдарыңызды жеткізгеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз.

 

Ш. Каринова,

Қазақстан республикасы білім және ғылым 

министрлігінің бірінші вице-министрі

 

10.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 129
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 167
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 163
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 129
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 273
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 277
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 490
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 449

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9148
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8546
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11774
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9540
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10754