Қазақстан мен Мысыр ынтымақтастығы

Қазақстан мен Мысыр ынтымақтастығы

Каир қаласына жұмыс сапары шеңберінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Мысыр Араб Республикасының сыртқы саяси ведомствосында бірқатар кездесулер өткізді. Сыртқы істер министрі Самех Шукримен келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастық және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі Қазақстан – Мысыр өзара іс-қимылы мәселелері бойынша пікір алмасты. 2022 жылғы 12-13 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің саммитіне дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар 2022-2023 жылдардағы жоғары деңгейдегі өзара сапарлардың кестесін талқылады. Сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары Ихаб Бадауимен сұхбат шеңберінде екі елдің АӨСШК аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері жанжақты қарастырылды. Мысырлық дипломат Қазақстанның Кеңесте төраға ретіндегі жұмысын жоғары бағалап, форумды трансформациялау және институционалдық дамыту жөніндегі бастамаларына қолдау білдірді. Сұхбаттастар алдағы күзгі кездесуді сәтті өткізу үшін тиісті байланыстар орнатуға келісті. Мысыр Сыртқы істер министрінің орынбасары Айман Кемалмен кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды. Атап айтқанда, екіжақты сауда көлемін арттыру, туризмді дамыту, білім және ғылым саласында өзара тәжірибе алмасуларды қарқындату үшін кең мүмкіндіктер талқыланды. Ағымдағы жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Қазақстан-Мысыр Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы осы мақсатқа қол жеткізуге қомақты үлес қосуға арналғаны атап өтілді. Каир қаласында қазақстандық дипломат тағы бірнеше келіссөздер жүргізді. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 7-съезіне дайындық аясында әл-Азхар Бас имамының кеңесшісі Елші Абдурахман Мұсамен кездесу өтті. Ә.Тұрсынов әл-Азхар шейхі Ахмед ат-Тайебтің іс-шараға арнайы қатысуы жаһандық конфессияаралық диалогты нығайтудың маңыздылығын көрсететінін атап өтті. Араб мемлекеттері лигасы (АМЛ) Бас хатшысының орынбасары Хейфа Абу Газелемен әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен АМЛ арасындағы, оның ішінде АӨСШК аясындағы өзара іс-қимылдың ағымдағы жай-күйі мен келешегін талқылады. Тараптар АМЛ делегациясының Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 7-съезіне қатысуының маңыздылығын атап өтті. Ә.Тұрсынов Мысырдың бұрынғы Сыртқы істер министрі Мұхаммед әл-Ораби, сондай-ақ «әл-Ахрам» саяси және стратегиялық зерттеулер орталығының директоры, АӨСШК талдау орталықтары форумының мүшесі доктор Мұхаммед Фаез Фарахатпен кездесулер өткізді. Таяу Шығыстағы қазіргі ахуал, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Ермек Сахариев
17.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САРЫСУДА АСАРЛАТҚАН ҮЙ БЕРІЛДІ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 02.10.2022 18
Перзенттік парыз
Талас аудан әкімдігі - 02.10.2022 14
 ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
Жамбыл ауданы - 02.10.2022 15
"Атырау - бақытты балалар мекені"
Атырау Қалалық Мәдениет Бөлімі - 02.10.2022 18
Үндемей қалуға ықтиярым жоқ
Тұрсынтай ҚАЛДАРБЕКОВ, зейнеткер, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы - 30.09.2022 153
Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға  Қазақ баспасөзі мерзімді басылымдары басшыларының Ашық хаты: «Қазақ баспасөзі:  бүгіні және ертеңі»
«Qazaqstan dauiri» мен «Мөлдір бұлақ журналының «Қазақ баспасөзі: Бүгін және ертең» атты конференциясы Алматы қаласы, 23 қыркүйек 2022 жыл - 30.09.2022 191
Өткеннің ертегісін емес, дәуірдің ертеңін ойлайық!
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, ақын, ҚЖО-ның мүшесі. ҚР Ақпарат саласының үздігі, Түркі дүниесі ақындары жыр мүшәйраларының жеңімпазы - 30.09.2022 181
Саяси және гуманитарлық мәселе
Мұхтар Түменбаевтың ФБ парақшасынан - 29.09.2022 238
Шерхан МҰРТАЗА - 90
Мұртаза ЖАЛҒАСТЫҢ ФБ парақшасынан - 28.09.2022 285
ШЕР-АҒАҢНЫҢ ДАУСЫ...
Оралхан ДӘУІТТІҢ ФБ парақшасынан - 28.09.2022 267

Топ жаңалықтар

1
Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының ұстаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтады
Show more
Ақтөбе облысының баспасөз қызметі - 2022-10-01 198
2
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға Қазақ баспасөзі мерзімді басылымдары басшыларының Ашық хаты: «Қазақ баспасөзі: бүгіні және ертеңі»
Show more
«Qazaqstan dauiri» мен «Мөлдір бұлақ журналының «Қазақ баспасөзі: Бүгін және ертең» атты конференциясы Алматы қаласы, 23 қыркүйек 2022 жыл - 2022-09-30 191
3
Жерұйығын тапқан жұрт
Show more
Ермек Сахариев - 2022-09-30 204
4
Марафон: Алматыға 30-дан астам елден спортшылар келді
Show more
Ермек Сахариев - 2022-09-30 176
5
Халықтың қолайына жаққан жәрмеңке
Show more
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 2022-09-30 195