Қазақстан құрамасы бокстан Испаниядағы халықаралық турнирде алты алтын медаль жеңіп алды. Бокстан Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстан аталған халықаралық турнирде 6 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды. Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) және әйелдер арасында Умида Садықова (80 келіден жоғары) жарыста алтыннан алқа тақты.














