Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларға қосылмайды

Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларға қосылмайды

Еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан Ресейге қарсы санкциялық қысымға қосылуды жоспарлап отырған жоқ деп мәлімдеді.  Жүргізушінің: «Ресей-Украина қақтығысында Қазақстанның ұстанымы қандай?» – деген сауалынаминистр: «Қазақстан  бір кездері ядролық қарудан бас тартқан бейбіт мемлекет.  Қазақстан Украина мен Ресей арасындағы қақтығыстың келіссөздер мен дипломатия арқылы бейбіт жолмен шешілуін қолдайды. Сондай-ақ Қазақстан екі ел арасындағы келіссөздерді мұқият бақылап отыр. Біз келіссөздер соғыс қимылдарын одан әрі тоқтатуға, Донбасстың мәртебесін анықтауға және санкциялық қысымды алып тастауға ықпал ететініне шын жүректен сенеміз. деді Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарымен салынған санкцияларды қоспағанда, санкцияларды мемлекетаралық қарым-қатынаста қысым жасау құралы ретінде қолдануға қарсы. Кез келген экономикалық немесе саяси санкцияларды қолдану, тәжірибе көрсеткендей, халықаралық даулар мен қақтығыстарды шешудің ең тиімді жолы емес. Сондықтан Қазақстан Ресей Федерациясына қарсы санкциялық қысымға қосылып, Ресейдің мүддесіне қандай да бір нұқсан келтіретін және біздің серіктестікке қайшы келетін қадамдар жасауға ниетті емес. Рас, Қазақстан санкциялардан айналып өтпек емес. Осы ретте үкімет санкциялардың экономикамызға тигізетін ауыр зардаптарының алдын алуға бар күшін салуда. Өзінің ұлттық мүдделерін қорғай отырып, Қазақстан бұл санкциялардың экономикамыздың дамуына айтарлықтай әсерін тигізбеуі үшін бар күшін салуда. Қазіргі уақытта Қазақстан үкіметі осы мәселелер бойынша біздің батыстық әріптестерімізбен кеңесіп жатыр. Екінші реттік санкцияларды болдырмау және олардың біздің халыққа, тауар өндірушілерге, экспорттаушыларға кері әсерін барынша азайту мақсатында Қазақстан санкцияларды айналып өту үшін қандай да бір мақсатты қадамдар жасауға ниетті емес. Бұл ретте Қазақстан ЕАЭО және ДСҰ-ның толыққанды мүшесі бола отырып, Ресей Федерациясымен және басқа да елдермен сауда қатынастарын дамытуды жалғастырады», – деп жауап берді.  

Ермек САХАРИЕВ
08.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 109
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 145
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 143
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 109
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 253
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 256
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 468
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 429

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9129
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8525
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11753
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9521
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10733