Қазақстан Сербиямен әскери ынтымақтастықта

Қазақстан Сербиямен  әскери ынтымақтастықта

Қазақ елі әскери ынтымақтастық саласына баса назар аударып отырған ел. Мұндағы негізгі ұстаным – көпжақтылы және теңгерімді саясатқа негізделгендігін айта кету керек. Әдетте бұл тақырыпқа мамандарды даярлау, білім беру, жауынгерлік дайындық және бірлескен әскери оқу-жаттығулары кіреді. Біздің негізгі серіктестеріміздің қатарында Ресей, Қытай, Түркия, АҚШ және Орталық Азия елдері бар. Негізгі бағыттары ретінде аймақтық қауіпсіздік, әскери-техникалық ынтымақтастық, білім беру және кадрларды дайындау, бірлескен жаттығулар, халықаралық ынтымақтастық қатарлы негізгі салаларды қамтиды. Осы жерде бұлардың әрқайсысы өз ішінен көптеген маңызды салаларға жіктелетіндігін де айта кеткен жөн.

Қазақстан соңғы жылдары әскери-техникалық ынтымақтастық аясында алыс-жақын шет елдерден қару-жарақ сатып алу, әскери техниканы жөндеу және модернизациялау бағытында біраз жұмыстарды атқарып жатыр. Бұл салада шетелдерден озық қару-жарақтар алу, әскери техникаларды өндіретін бірлескен кәсіпорындар құру саласында біраз жұмыстар атқарылуда.

Жұрт назарында, табысты жұмыс істеп келе жатыр деген алқауға ие болған қазақ дипломатиясының бір саласында осы әскери ынтымақтастық мәселесі ешқашан назардан тыс қалған емес. Соның шағын бір мысалына, жақында көзіміз жетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы шақыруымен 26 ақпан күні Сербия Президенті Александр Вучич Қазақстанға ресми сапармен келген болатын. Астанада мемлекет басшыларының қатысуымен өктен келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бағытталған маңызды 10 құжатқа қол қойылды. Біз шағын мақаланың мақсатына сай аталған келісімдерді толығымен атаған жоқпыз.

Сербия Президенті қорғаныс өнеркәсібі, жасанды интеллект, деректерді өңдеу орталығы секілді бағыттарда өзара ықпалдастықты арттыруға зор әлеует бар екеніне назар аударды. Сонымен қатар ол Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерді жоғары бағалап, мұны әлемдегі өсіп-өркендеудің үлгісі деп атады.

26 ақпан күні өткен Қазақстан-Сербия Іскерлік Кеңесінің және Қазақстан-Сербия Бизнес Форумының кеңейтілген отырысынан кейін тараптар бірқатар ынтымақтастық құжаттарына қол қойды. Осының ішінде Қорғаныс саласында SP Kaztechnology LLP және сербиялық Yugoimport SDPR компаниясы Nora және Soko/Soho типтерін қоса алғанда, 122 мм және 152 мм өздігінен жүретін артиллериялық жүйелерді жөндеу және жаңғырту туралы келісімге қол қойғаны белгілі болды. Демек, қорғаныс саласына қажетті озық қару жайлы тамаша бір келісім жасалды деген сөз. Біз төменде ашық дереккөздерге негізделе отырып, аталмыш қарулардың сипаттамасына үңіліп көрдік.

Nora B-52, 155 мм доңғалақты өздігінен жүретін артиллериялық жүйе. Бұл гаубицаны Сербияның Yugoimport SDPR кәсіпорны өндіреді екен. Салмағы 27-34 тоннаға дейін баратын көліктің сағаттық жылдамдығы 80-90 шақырымға жететін көрінеді, ал автономды жүріс диапазоны ~800-1000 шақырым. Калибр: 155 мм / 52 калибр (NATO стандарты), ол минутына 6-12 оққа дейін дүркіретіп атуға қабілетті екен. Стандартты снарядтармен 30-40 шақырымдағы нысанды ата алатын болып шықты. Кейбір снарядтар (VLAP) арқылы 50 шақырымнан астамға жетеді екен.

Бұл гаубицаның басты ерекшелігі:

Nora B-52 – қазіргі заманғы ұрыс үшін маңызды артиллериялық ресурс. Жер үсті күштеріне дәл әрі ұзақ ату қолдауы көрсетеді: шабуыл алдындағы жойқын артиллериялық дайындық, тұтқиылданған оқ ату, қорғаныс желісін бұзу және «қатты нүктелер» бойынша соқтығысуды жеңілдету. Басқарылатын немесе GPS-тиісті снарядтармен қолданғанда жоғары дәлдік қамтамасыз етеді. НАТО стандартты калибрді пайдалануы көптеген елдердің логистикасына сай келеді, әрі халықаралық ынтымақтастықта қолданысқа тиімді.

Келесі бір қару түрі Soko SP RR. 122 мм өзіндік жүретін артиллериялық жүйе. Бұл жүйе негізінен бұрынғы 122 мм Д-30J гаубицасын self-propelled етіп жасалған заманауи нұсқа. Жеңіл және мобильді болғандықтан, жиі тактикалық қолдау көрсетуді қажет ететін бөлімдерге арналған. Олар қарсыластың қорғаныс желілерін бұзу, командалық пункттерді жою, қорғандар мен байланыс жүйелеріне соққы беруді қамтамасыз етеді.

Мамандардың пікіріне құлақ түрсек, бұл техникалардың Қазақстан әскерлеріне тигізер пайдасы мол екен. Егер Қазақстан осындай жүйелерді сатып алып, жөндеу және қызмет көрсету саласын меңгеретін болса, ол қажетті жағдайда әскерлеріміздің ұрыс қабілетін арттырады екен. Қорыта айтқанда, Nora B-52 және Soko жүйелері – заманауи артиллериялық қолдауды автоматтандырылған, мобильді және тиімді әдіспен қамтамасыз ететін қару құралдары. Олар тактикадан стратегиялық деңгейге дейін маңызды рөл атқарады, әсіресе жер үсті операциялары мен ұзын қашықтықтағы мақсаттарды жоюда жоғары тиімділік көрсетеді.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
05.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23727
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23383
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 40166
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36851
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41053