Қазақстан суицид жөнінен әлемде 20-ы орында

Қазақстан суицид жөнінен әлемде 20-ы орында

ДДСҰ статистикасына сәйкес, Қазақстан суицид саны бойынша 20-ы орында тұр. Ал 10-19 жастағы жасөспірімдер арасындағы өлім-жітімнен 10-ы орында. Былтыр елімізде суицидтің 3922 жағдайы тіркелген. Елордада «БАҚ-тың суицидті жауапты жариялауы» атты панельдік сессия өтті. Мамандар өз-өзіне қол салуды кеңінен жариялау қосымша суицидтік мінез-құлық қалыптастыратынын айтады. Ақпарат кеңінен таралуы және құрбан болғандардың туыстарынан сұхбат алу, суицидтердің егжей-тегжейлі сипатталуы оны қарапайым құбылыс ретінде қабылдауға итермелейді. Сондықтан журналистердің, блогерлердің, пікір көшбасшыларының ролі өте жоғары. Мұндай оқиғаларды жариялауда үлкен жауапкершілік таныту керек деді білікті мамандар.

Ермек САХАРИЕВ
08.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5365
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5522
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20491
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19121
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22582