Қазақстан тәжірибесі шетелдерге үлгі болмақ

Қазақстан тәжірибесі шетелдерге үлгі болмақ

Қазақстанның Электрондық үкімет модульдері шетелдерге экспортталып жатыр, бұл туралы 20 маусымда Астанада Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ведомствоның қызметі туралы баспасөз брифингінде айтылды. Жиналыста сөз сөйлеген министр Жаслан Мәдиев осы саладағы біраз жетістіктеріміз туралы тоқталып өтті. Брифингте айтылған басты жаңалықтардың ішіндегі «Цифрлық карта» туралы айтылған ақпарат барлығымызды елеңдеткен еді. Министрлік телекоммуникацияның Цифрлық картасын дайындаған. «Онда байланыс технологияларының түрлері бойынша ағымдағы қамту және Қазақстанның барлық елді мекендерін сапалы байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі операторлардың жоспарлары туралы ақпарат орналастырылатын болады. «Цифрлық телекоммуникациялар картасы», сондай-ақ «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасында және жергілікті атқарушы органдар, министрлік және байланыс операторлары арасында қол қойылған «Жол карталарында» қарастырылған елді мекендерге интернет жеткізу жоспарлары туралы ақпаратты қамтиды. Бұл карта пилоттық режимде қосылған. Функционал жағынан толықтырылатын болады. Бұл байланыс сапасын тексеру бойынша қоғамдық бақылауды күшейтуге септігін тигізетін шара», – деді Жаслан Мәдиев.

Жиналыста спикерлер Қазақстанның Электрондық үкімет модульдерінің Батыс Африкадағы Сьерра-Леоне Республикасы мен  Того Республикасына экспорттағаны жайлы айтып өтті. Естеріңізде болса, 2023 жылы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин Душанбе қаласында өтіп жатқан Орталық Азия мемлекеттері тауар өндірушілерінің халықаралық көрмесінде Тәжікстан тарапымен цифрландыру саласында тәжірибе беруді көздейтін бірқатар құжаттарға қол қойған болатын.

 

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
27.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨЛЕБИДЕ ДЕНСАУЛЫҚ НЫСАНДАРЫ САЛЫНЫП, МЕКТЕПТЕР ЖАҢАРУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 01.07.2024 41
АСЫЛЖАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
Ұлбике Әлібекқызы , Сарысу аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы - 30.06.2024 40
"ТАУ САМАЛЫ" ЛАГЕРІНЕ 200 БАЛА АТТАНДЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 30.06.2024 44
АСЫЛЖАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 30.06.2024 24

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 1028
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 587
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 1904
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 1540
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 2666