Қазақстанда ірі теміржол жобасының құрылысы басталды

Қазақстанда ірі теміржол жобасының құрылысы басталды
Қарағанды облысында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Достық – Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдың құрылысы басталды.
Ұзындығы 836 км жаңа теміржол желісін іске қосу отандық өнімнің экспортын ұлғайтуға және елдің транзиттік әлеуетінің өсуіне ықпал етпек. Құрылыс барысында 419 құрылыс нысаны (5 ірі көпір, 87 шағын және орта масштабтағы көпір, 288 су жүргізу құбыры, 14 автожол өткелі), сондай-ақ энергетика және байланыс объектілерін салу жоспарланып отыр. Құрылыс 2025 жылдың 4-тоқсанында аяқталуы тиіс.

Жұмысты іске қосу рәсіміне телекөпір режимінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қатысты.

Өз сөзінде Үкімет басшысы осындай стратегиялық маңызы бар жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқанын және республиканың көлік-транзит әлеуетін дамытуда маңызы зор екенін атап өтті.

Премьер-Министрдің айтуынша, соңғы бес жылда елімізде транзитпен контейнер тасымалдау көлемі 4,4 есе өсті, биылғы 10 айда экспорттағы жүк айналымы 74 млрд тонна-километрден асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға артық.

Теміржол саласында бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру туралы шешім қабылданды. Олардың ішінде Достық – Мойынты, Бақты – Аягөз, Дарбаза – Мақтаарал, Алматы маңындағы айналма жолдар және т. б. бар

«Міне, бүгін соның бірі әрі ірі жоба Достық – Мойынты екінші теміржол құрылысын бастағалы тұрмыз. Бұл жоба осы бағытта өткізу мүмкіндігін 5 есеге арттыруға мүмкіндік береді және экспорттық тасымал мәселесін толық шешеді», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр жобаны іске асыру кезінде қазақстанның үлесі 80%-дан асатынын атап өтті. Атап айтқанда, шпалдарды, рельстерді, трансформаторларды жасауды, инертті материалдарды, құм мен қиыршық тасты жеткізуді жергілікті компаниялар жүзеге асыратын болады. Сонымен қатар құрылысқа 3 700 адам жұмылдырылмақ, ал теміржол желісі пайдалануға берілген кезде 500 адам тұрақты жұмысқа орналастырылады.

Әлихан Смайылов жаңа теміржол учаскесіндегі жұмыстарды іске қоса отырып, «жобаны іске асырудың жиынтық тиімділігі 20 жыл ішінде бюджет түсімдерін 4,1 трлн теңгеге қосымша ұлғайтуға мүмкіндік береді», — деді.

Ресми шараға орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың, «Самұрық-Қазына» қоры, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылары, теміржолшылар мен сала ардагерлері қатысты.

 

Облыстық Ақ Жол Газеті
18.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 99
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 297
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 291
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 913

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8986
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8381
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11606
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9364
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10590