800 мың тоннадан астам түрлі азық-түлік тауарларының қоры бар. Бұл сауалға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі: «Министрлік азық-түлік тауарларының 32 түрі бойынша өңірлердің қамтамасыз етілуіне апта сайын мониторинг жүргізеді. Мониторинг тұрақтандыру қорларындағы, ірі сауда желілеріндегі, жеткізушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қоймаларындағы қорларды ескереді. Өңірлердің жедел деректеріне қарағанда, биылғы 19 тамыздағы жағдай бойынша еліміз бойынша жалпы көлемі 819 мың тонна түрлі азық-түлік тауарларының қоры бар. Оның ішінде өндіруші кәсіпорындарда – 301 мың тонна, қоймаларда – 86,6 мың тонна, сауда желілерінде – 374 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 18,3 мың тонна. Бұдан басқа, 495,7 млн дана жұмыртқа қоры бар. Көрсетілген көлем өнім түрлеріне байланысты бір айдан алты айға дейінгі мерзімге жеткілікті. Азық-түлік тауарларының өндірісі артып, қорлар үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Сондықтан олар бойынша тапшылық жоқ және ұзақ мерзімге жеткілікті тұрақты қор бар», — деп жауап берді.