Қазақстанда субсидияның 10 түрі жойылады – АШМ

Қазақстанда субсидияның 10 түрі жойылады – АШМ

Қазақстанда шаруаларға арналған субсидияның 10 түрі жойылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек мәлімдеді.
Былтыр президенттің тапсырмасы бойынша агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүйесін жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілген.
«Субсидиялау жүйесін реформалаудың негізгі міндеті – азық-түлік қауіпсіздігін сақтау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, фермерлер қоғамдастығының пікірін барынша ескеруге, ауылдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға, сондай-ақ ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен жеткілікті көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін келісілген нұсқасы әзірленді», — деді Әбілхайыр Тамабек министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.
Вице-министрдің айтуынша, сүтке, құс етіне және жұмыртқаға тауарлық-спецификалық субсидиялар бойынша субсидиялау нормативтері өзгеріссіз қалады.
Тиімділігі төмен және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары субсидияның онға жуық түрі жойылады. Негізгі мемлекеттік ақпараттық базалармен интеграцияланған субсидиялаудың тегін мемлекеттік ақпараттық жүйесі енгізіледі. Субсидиялардың қолжетімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге «күту парақтары» енгізілді, — деді министрдің орынбасары.
Әбілхайыр Тамабек бүгінде субсидиялау қағидаларының барлық жаңа жобасы мемлекеттік органдарда келісу рәсімінен өтіп жатқанын, жақын арада бекітілетінін жеткізді.

Halyq Uni
23.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 150
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 150
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 336
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 329
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 953

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9028
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8424
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11652
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9408
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10634