«Қазақтелеком» TEDx VI конференциясына қатысты

«Қазақтелеком» TEDx VI конференциясына қатысты

Астанада алтыншы TEDx конференциясы өтті, өткен жылдардағыдай оның техникалық серіктесі «Қазақтелеком» компаниясы болды. Биылғы форумның тақырыбы ерекше – «Бейуақыт» деп жарияланды, осы тақырып аясында спикерлер қоғамда жинақталған қайшылықтар мен оларды еңсеру жолдарын талқылады.

Ұсынылған идеялардың ішінде сананы отарсыздандыру, екі тілділік мәселесі, есте сақтау қабілетімен жұмыс, өнер, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы негізгі бастамалар болды.

«TEDx ұйымдастырушылары биылғы жылы қоғамдағы теңсіздік пен алшақтық туралы, оларды қалай жеңуге болатындығы, білім беру және денсаулық сақтау сияқты негізгі құқықтарға әділ қол жетімділік туралы айтады. Осы алаңда таныстырылған «Ауылдық елді мекендегі талшықты оптикалық байланыс желісі» жобасы іс – шараның тұжырымдамасына жақсы сәйкес келеді, өйткені бүкіл ел бойынша қолжетімді интернет бұл қазіргі заманғы адамның базалық құқығы және интернет еліміздің барлық елді мекендеріне тартылу арқылы білім беру мен медицинада мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мүмкіндігі, өз бизнесін жетілдіру перспективасы және тағы басқа игілікті шаралар. Біз де TEDx ұйымдастырушылары сияқты қазір жүйелі, кешенді шешімдер қабылдау қажет деп санаймыз және өз жобамызды солардың бірі деп есептейміз», - деді «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Алаңда арнайы презентация аясында «Қазақтелеком» компаниясының техникалық мүмкіндіктері, сондай-ақ «Ауылдық елді мекендегі талшықты оптикалық байланыс желісі» жобасының ауылдарды дамытуға және тұрғындарының тұрмыс-тіршілігіне синергетикалық оң әсері жан-жақты айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2018-2020 жылдары «Қазақтелеком» АҚ өз инвестициялары есебінен республиканың 828 ауылында 14,5 мың шақырымнан астам талшықты-оптикалық байланыс желісін салып, осы елді мекендерде 2,5 мыңнан астам мемлекеттік органдар мен бюджеттік сала мекемелерін – ауруханалар мен мектептер, жергілікті атқарушы органдары мен авариялық қызметтер, қорғаныс объектілері мен құқық қорғау мекемелері секілді көптеген нысандарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етті.

«Біз  «Ауылдық елді мекендегі талшықты оптикалық байланыс желісі» бағдарламасының аясында шешкен басты мәселе - қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті жою екенін атап өту маңызды. Ауылдарда талшықты-оптикалық желілердің пайда болуы мемлекеттік ұйым қызметкерлерінің жұмысын қолайлы етіп қана қоймай, сонымен қатар ауыл тұрғындары мен шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына телекоммуникациялық қызметтердің барлық мүмкіндіктерін: интернет, теледидар, телефония, бейнебақылау сервистерін және т. б. пайдалануға мүмкіндік берді. Бірақ, ең бастысы, ол ауыл тұрғындарының жалпы өмір сүру деңгейін арттыруға және маңызды әлеуметтік мәселені шешуге – шалғай аймақтарда цифрлық сервистерді пайдалануға ықпал етті. Сонымен қатар, салынған инфрақұрылым нарықтың басқа қатысушыларына, мысалы, ішкі желілерді салу үшін ұялы операторларға сервистер ұсыну үшін негіз болды", - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Айта кетейік, «Ауылдық елді мекендегі талшықты оптикалық байланыс желісі» жобасы базалық болып табылады, өйткені оның шеңберінде салынған инфрақұрылымның көмегімен «Қазақтелеком» АҚ және басқа да байланыс операторлары интернет тартудың өзге де технологияларын іске асыруға және ел аумағында телекоммуникациялық қызметтердің барлық спектрін ұсынуға мүмкіндік алды. Дәл осы жоба басқа байланыс операторларының – «250+» жобасын жүзеге асыруға ықпал етті. Бұл жоба тұрғындарының саны 250-ден астам ауылдарға сапалы мобильді интернет жүргізуді көздейді.

«Қазақтелеком» АҚ Коммуникациялар департаменті
08.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 37
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 91
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 37
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 36
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 86
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 91
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 287
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 281
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 902

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8980
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8374
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11600
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9358
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10584