«Қазіргі қиын кезеңде мен не істер едім?»

«Қазіргі қиын кезеңде мен не істер едім?»

«Qazaqstan dauiri» ЖШС-нің Бас директоры Сәуле Мешітбайқызына, 

газеттің Бас редакторы Ертай Айғалиұлына, 

«Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлына!

 

Сіздер жауапты болып шығарылып келе жатқан осы газет пен журналдың бүкіл елдің рухани өркениет жағындағы ауыр жүгін арқалап, қыруар жақсы қызмет атқарып келе жатқандарыңызға бір санаулы оқырмандарымыз тұрғысынан шын жүректен алғыс айтамын! 

Тағы бір адым ілгерілей ұмтыла қызмет істеулеріңізге қолдау тұрғысынан ұсыныс хат жолдап отырмын. Бұл осы газет пен журналдың арқалаған ауыр жүгінің кезектегі жалпы ел жағдайына сәйкес тағы бір саты көтерілуі болмақ! 

Біздің тәуелсіз қазақ еліміздің дәл қазір кезектегі жалпы жағдайы нені күтіп тұр? Ең алдымен шешуге тиісті іс қайсы? Міне, осы мәселе барлық қазақ азаматтары терең ойланатын, шұғыл шешетін маңдайалды маңызды мәселе. Ғылыми қағида бойынша тәрбиелеуші «алдымен өзі тәрбиелену керек» «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дейді дана халқымыз. Сіздер жауапты болып шығарып отырған осы газет пен журнал осындай ұстаздық орындағы рухани қару, теңдессіз рухи күш болып келеді және солай бола береді. 

«Ойлаған ойды билеген жағдай жеңеді» дейді халық даналығында. Сіздердің де, менің де ойлаған тәтті қиал, ұлы мақсаттарымыздың жүзеге асуында кездесіп келе жатқан қиындықтар да көп. Шешуге тиісті басты түйіндердің ең алғы шарттардың бірі – басшылықтың ой-санасы мәселесі. Осы жақтағы бөгеттіктер мен надандықтарды дұрыс шешу үшін сіздер 2026 жылдық басылымдарыңызда мынадай бір ұсыныс көтерсеңіздер деген ойымды жеткізу үшін осы хатты жолдадым.

«...Қазіргі қиын кезеңде мен не істер едім?» деген тақырыпта мақала жазу айдарын ашуды ұсыныс етемін. Бұл «игі істі әркім өзінен бастау керек» дегендік болады. Бүкіл қазақ азаматтары (Мен әйелдерді азаматшалар деп атауды жөн көрмеймін, олар да азаматтар болып аталса болады. Азамат пен азаматшаның тілдік парқын ойлағанда) «мен президент болсам не істер едім» деген сұрауды әркім өзіне қою керек. Өзі соған түйіндеп шынайы, ғылыми жүйелі жауап мақала жазуы, оны осы газет пен журналға өз қолымен жолдауы керек. Редакция жарамдыларын талдап, газет пен журналдың әр санында кешіктірмей жарияланса, көлемі журналдың бір бетінен аспаса, газеттің бір бетінің төрттен біріне, ең ұзақ болғанда жарты бетінен аспаса. Осы айдардағы мақалаларға оқырман жұрты лебізі де осы көлемнен аспаса. Бұл тек жарамды мақалаларды талқыға салу үшін жарық көретін мінбер болса. 

Бұл тақырыптың көлемі ауыл әкімінен президентке дейінгі «...мен болсам қалай істейтін едім?» деген сұраққа жауап жазып, осы газет пен журнал редакциясына жолдап отыратын болса. Мен дегеннен кейін «депутат болсам, ауыл әкімі болсам, аудан, обылыс әкімі, министр, мектеп деректоры болсам... не істер едім?» деген сұрауды әркім өз қалауы бойынша өзіне қойып, өзіне қанық саладан бастау керек. Өзі «олай істеу керек еді, бұлай істеу керек еді» деген арман талап көп. Ылғи да өзгелерді жазғырумен болып келеміз. «Қалай істеу керек еді?» дегенді әрбір қазақ азаматтары, әрбір қазақстандықтар өздеріне қоюлары керек болып тұрғаны дәл қазіргі Қазақстанның іс жүзіндегі жағдайының басты талабы болып отыр. Ұлттық сана деңгейін білу үшін осылай істеу қажет-ақ. Әркім өз ой-санасының өресін көрсете алады. 

Бұл мақала жарысы он ай уақыт жалғасса, қараша айында бүкіл халық болып таңдаулы мақалаларды талқылап нөмір қойса. Қараша айының соңында қорытындыланса. 

Қаражат мәселесі. Осы айдарға осы тақырыпта мақала жолдаған әрбір адам 5000 теңгеден қолдау ақша қосып жолдауға міндетті болса. Қолдап одан жоғары көмек берушілердің қаржысының аз-көптігінде шек болмаса. Осы ұсыныс хатымды лайық тапсаңыздар, кемшіл орындарын өздеріңіз толықтырарсыздар. 

 

Құрметпен Дәулетбек

 Оспанғалиұлы Қаңбақ,

Қазақстан жазушылар

 одағының мүшесі

 

30.01.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 22817
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 22568
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 38476
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36127
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40200