«ҚазМұнайГаздағы» ханталапай

«ҚазМұнайГаздағы» ханталапай

   «Мемлекет нашар менеджер» деген қанатты сөзі шындыққа айналып, биліктің жанармай құю станциялары желісін құрып, сол арқылы халықты арзан бензин, дизель, газбен қамтамасыз етемін деген жоспары ақыр аяғында желге ұшты. Сөйтіп,  «ҚазМұнайГаз» АЗС желісінің тарихы 60,5 миллиард теңгеге олигархқа сатылумен аяқталды. Оның себебі неде? Мәселенің анық-қанығынан хабардар дереккөз: «Кезінде мемлекеттің экономиканың барлық секторына дендеп енуі үлкен қателік болды. Көптеген бағыттарға есепсіз қаржы жұмсалды. Артынан олар экономикалық тиімсіз деп танылып, қаржылық есептері дәлел ретінде келтірілді. Нәтижесінде дисконтпен жекеменшік секторға сатылды. Бір қызығы, кезінде сол бизнестерді мемлекет есебінен жасатып алған адамдар, артынан арзанға сатып алған жекеменшік компаниялардың иелері болып шығып жатады. Осының айқын дәлелі – «ҚазМұнайГаз» АЗС желісі. Оны ұлттық компания 2000 жылдардан бастап құра бастады. «ҚазМұнайГаз Өнімдері», «Торговый дом «КазМунайГаз» еншілес ұйымдары ашылып, АЗС желісін кеңейту үшін инвестициялар құйылды. Сол кездегі «Торговый дом «КазМунайГаз» бас директоры Төлеген Бозжановтың ақпараты бойынша, бір жаңа станция тұрғызудың құны 500-900 мың доллардың аралығында болған. Ал 2019 жылы жеке қолға өтер алдында осы бизнесті мемлекет атынан басқарып отырған «KMG-Retail» фирмасы 301 жанармай бекетіне иелік етіп тұрды. Сатылар алдында бизнес тәуелсіз бағалаудан өтті. Deloitte жүргізген бағалау есебіне сай, бүкіл мемлекеттің еңбегі 59,9 миллиард теңгеге бағаланған.  «KMG-Retail» амортизацияның есепке кіруінен, 2017 жылдың қортындысы бойынша 1,5 миллиард теңге шығын көрсетті. Бірақ 2018-2019 жылдары өз станцияларын жалға беріп, содан жылына 3,4 миллиард теңге кіріс алып отырған. Сонысына қарамастан, АЗС желісі мемлекет үшін артық жүк деп танылып, 2019 жылдың 1 сәуірінде оны «Petro-Retail» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 60,5 миллиард теңгеге (сол кезде 163,3 миллион доллар) сатып алады. Ол компания аукционға небәрі 12 күн қалғанда құрылған. Электронды үкімет деректері бойынша, оның құрылтайшысы ретінде «Prime case» ЖШС, «East Trade Solutions» ЖШС, Бақыт Сағынтаева мен Руфат Ходжалақов көрсетілген. Ал Forbes мәліметі бойынша, «Prime case» ЖШС «Head Company» фирмасы Данияр Абулғазинге тіркелген. Данияр Абулғазиннің олигарх Тимур Құлыбаевтың талай жылдан бері бірге келе жатқан сенімді серіктесі екені белгілі. Әрі ол елдегі байлар рейтингінде 19-ы сатыны иеленіп отыр. Ал жекешелендіруден 2 жыл өткеннен кейін, Тимур Құлыбаевқа қарасты «Joint Technologies» фирмасы «ҚазМұнайГаз» АЗС желісіне иелік етіп, оның брендін тез арада «QazaqOil» деп ауыстырып жатқан «Petro-Retail» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшылығына кіреді.  Осылайша, Тимур Құлыбаев іске асырған ұзақ мерзімді шахмат жүрісі 2021 жылы аяқталды. Оның негізгі кезеңі, яғни мемлекеттің долларларын шашып, болашақта жекешеленетін бизнестің базасын құрып алу 2009 жылы басталған еді. 12 жылдық операция кәсіпкер үшін керемет жемісін берді. Президент «Елбасының арқасында сұмдық байып кеткен адамдар пайда болды» дегенде осындай бақытты тағдыр иелерін меңзеген болатын», – дейді. Мұны: «Қазақша ханталапай», – демегенде, не дерсің? 

Ермек Сахариев
27.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 53
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 162
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 162
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 306
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 306
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 526
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 477

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9181
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8580
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11808
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9577
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10788