«Қазтеміртранс» АҚ-ның лауазымды тұлғалары ұсталды

  «Қазтеміртранс» АҚ-ның лауазымды тұлғалары ұсталды

    Антикор: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет квазимемлекеттік сектордағы жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жедел өңдеу нәтижелері бойынша Қазақстан Темір Жолы еншілес кәсіпорындарының бірінің, атап айтқанда Қазақстан Республикасы жүк вагон паркінің ірі операторы болып табылатын «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының лауазымды адамдарының заңсыз байюға қатысты қылмыстық схемасы ашылып, жолы кесілді. Қоғамның және оның өңірлік филиалдарының лауазымды тұлғалары жүк вагондарының тапшылығын пайдалана отырып, кейбір жағдайларда осындай тапшылықты жасанды түрде жасай отырып, проблемаларды шешудің орнына, осы жағдайды өздерінің пайдакүнемдік мақсаттарында пайдалана отырып, жүк вагондарын кедергісіз және жеделдетіп бергені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алғаны анықталды. Тұрақты пара алудың белгіленген схемасына филиалдардың қызметкерлері мен басшылары, сондай-ақ бас кеңсе бөлімшелерінің менеджерлері мен бастықтары қатысқан.

    Ақша қаражаттары, әдетте, лауазымды тұлғалардың немесе олардың сенімді адамдарының, оның ішінде жақын туыстарының карт-шоттарына аударылып отырған. Қоғамның Ақмола филиалының бір ғана басшысы 2020 жылдан бастап 70 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз алып, оның басым бөлігін Щучье-Бурабай курорттық аймағының ойын мекемелеріне жүйелі түрде бару арқылы жұмсаған. Қоғамның Қарағанды филиалының бұрынғы және қазіргі басшылары да осындай қылмыстар жасады деп күдіктелуде. Барлық аталған адамдар ұсталды және тергеу сотының санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Сондай-ақ, ақшалай қаражатты заңсыз алуда Қызылорда филиалының басшысы мен Қоғамның орталық аппаратының бірқатар қызметкерлері әшкереленді. Басқа лауазымды тұлғалардың қатысуы тексерілуде. Айта кетсек, жүк вагондарының уақтылы жеткізілмеуіне байланысты жүк жөнелтуші кәсіпорындар жеткізілімдердің бұзылуына жол береді, үлкен шығындарға ұшырайды және пара беру арқылы өз мәселелерін шешуге жүгінуге мәжбүр. Сонымен бірге, бұл шығындардың барлығы тауарлар бағасының өсуіне әсер етеді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жариялауға жатпайды»,— деп хабарлайды.

 

Ермек Сахариев
04.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 79
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 84
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 185
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 185
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 324
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 327
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 549
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 496

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9200
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8597
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11824
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9593
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10807