Қазыбек Иса: Халық талабы орындалмай, ел жағдайы оңалмайды!

Қазыбек Иса:  Халық талабы орындалмай,   ел жағдайы   оңалмайды!

 

Кедейшілік кеңінен жайлап алған елміз

Өткен жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында бір отбасының үш ұлы, содан кейін Қызылорда қаласында саяжайды паналаған отбасының Әлинұр, Алдияр, Абзал атты 3 ұлы, ал ақпанда астанада аядай лашықта тұрып жатқан бір отбасының 5 қызы өрттен қаза тапты. 3 оқиғада да көп балалы отбасының әке-шешелері түнгі жұмыста болған. Қу жоқшылық!  

Ал сол кезде Әлеуметтік қорғау министрі көп балалы аналарға 16 мың теңге көп деп, елдің ызасын тудырса, вице-министр ауыр қасіретке ұшыраған ата-аналардың түнгі жұмыс істеуін «бұл олардың таңдауы» деп елді шошытты. Әлеуметтік желіде жұрт Әлеуметтік қорғау министрі мен вице-министрді орнынан кетсін деп шулап жатты. 5 қыздың өлімінен кейін белгілі режиссер Талғат Теменов телефон соғып, осы оқиғаны ауыр күйзеліспен жеткізді әрі маған өлең жазшы деп өтініш білдірді. «Жер бетінде періштеге жоқ орын» жыры содан туған болатын...  

Осыдан кейін көп балалы аналар әр жерде талаптарын айтып ереуілдеді. Ақыры үкімет отставкаға кетті. Тура осы қайғылы жағдайға тікелей қатысы бар деп айта алмаймын, бірақ сол жылы наурызда тұңғыш президент орнын босатты. Бәрібір бұл біздің қоғамда көп жылдардан бергі әлеуметтік теңсіздік, кедейшілік зарының өтіп кеткендігі екені анық. 

 

Қанды қаңтарда ел ереуілге пұл үшін ғана емес, тіл үшін де шықты...

Қай заманда да халықтың талабы орындалмай, елдің жағдайы орындалмайды. Кешегі қасіретті қаңтар қақтығысы болған кезде, Жаңаөзенде бейбіт ереуіл басталғанда, 3 қаңтар күні «Жаңаөзендіктердің талабы орындалуы тиіс» деп мақала жаздым. 4 қаңтарда Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының фракциясын өткізді. 8 қаңтар күні «Қазақстан» ұлттық арнасының «Ашық алаң» бағдарламасына шықтым. Онда елдің намысы үшін, әлеуметтік әділдікті талап етіп ереуілге шығып, бейбіт шеру өткізген әрі сол жолда жазықсыз ұсталып жатқандарды босатуын талап еттім. Ал 9 қаңтарда «Қазақ үні» ұлттық порталына шыққан шыққан «Халықтың тілінде сөйлей алатын халықтық үкімет керек! Жаңаөзен – жаңа кезең бастауы» атты мақалам, одан соң 10 қаңтарда шыққан «Жазықсыз жандар жазаға ілініп кетпеуі тиіс» атты мақалам қолдауға ие болды. Белгілі тележурналист Нартай Аралбайұлының «Youtube» арнасында ереуіл тақырыбында сұхбат бердім. 

«Алтынды басып отырып, жалаңаяққа айналдық!» атты жырым жарияланды.  26 қаңтарда: «Мемлекеттік төңкеріс жасағандар түгел анықталып тегіс жазалануы тиіс» деп, «Ақ жол» фракциясының Бас прокурорға депутаттық сауалын жарияладым. Басынан бастап, қамалғандар мен олардың туыстарымен кездесулер өткіздік. Мәселен Азат Перуашев екеуміз Тараздағы түрмеде қапаста отырған 68 адамның барлығымен кездесіп, жеке-жеке сөйлестік.

Біздің араласуымызбен бірнеше жас түрмеден босап шықты, алды алғыстарын жариялап жатыр. 

 Халық көшеге пұл үшін ғана емес, тіл үшін де шыққанын жаздым. Жалпы, біз тіл мәселесін талай көтеріп келеміз. «Қазақ үні» газеті сайтында жарияланған Президенттен Мемлекеттік тіл туралы заңды талап еткен Ашық хатқа бір жарым айда 126 мыңнан астам адам қол қойды! 

​Жалпы қаңтардағы қайғылы оқиға жайында аз айтылған жоқ. Біз де өз тарапымыздан барлық шындық ашылып, кінәлілер жазалануы тиіс екендігін талап етіп отырмыз. Біз үшін басты мақсат – мемлекетті сақтап қалу. Қазынаға бай, кенге толы елде кедейлер болмауы тиіс. Олигархтар заңсыз иеленген қаржыларын мемлекетке қайтаруы қажет. Ұлттық концепция қабылдайтын уақыт жетті. Қасірет қайталанбауы үшін ұлттық келісім жасалуы керек.  

​Айталық жаңа кезең бастауы болған Жаңаөзен ереуіліне Президенттің үкімет комиссиясын жіберіп, ереуілшілердің талабын орындатуы – 30 жылдық Тәуелсіздігіміздегі биліктің халыққа жасаған алғашқы қадамы. Бұдан он жыл бұрын Жаңаөзенде ереуіл болғанда не болғаны бәрімізге белгілі. Ал осы жолғы қаңтар қасіретінде Президенттің барлық жауапкершілікті өзі көтеруі мемлекетті сақтап қалды. Сондықтан, бұл жерде мемлекетті сақтау жолында мемлекет басшысының өзі де құрбандыққа барып отыр деуге болады. Бәрінен де 227 адамның қаза тапқаны орны толмас ауыр қайғы... 

 

Табанды талап еткенде,  нәтижесі де жақсы болады​

Өзіміз қарапайым халық ішінен шыққандықтан, ел атынан сайланғандықтан, әркез сол жұртшылықтың ойындағы жатқан түйткілдерді нақты дәлелдермен орталыққа жеткізіп келеміз. Табанды талап еткенде, нәтижесі де жақсы болады. Бір ғана мысал айтайын. Өздеріңізге мәлім, өткен жылы футболдан біздің жігіттеріміз Франция құрамасынан 8:0 есебімен масқара болып жеңілген еді. Анау жылы туыс ел Түркиядан 6:0 болып ұтылғанда жерге кіріп кете жаздағанбыз. Бұл дегеніңіз футбол тарихында болмаған масқара жеңіліс! Осыған байланысты «Гол салмайтын, тек халық қазынасына қол салатын, қол салғанда мол салатын футболға миллиардтарды шашуды тоқтату керек! Оның орнына балалар спортын дамыту керек» деп талай мәселе көтердік. Үкіметке жолданған депутаттық сауалымыз қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желілерде рекордтық деңгейде тарады. Қолдау пікірлердің көптігі сонша, есебі жоқ. Нәтижесіз футболға бөлінген 133 млрд-қа кемінде 133 мектеп салуға болар еді. 

​Бұл депутаттық сауалымызға Үкіметтен жауап жетті. Заңда белгіленген мерзім бір ай болғанда «Ақ жолдың» депутаттық сауалы бойынша футбол бюджеті қайта қаралып жатқаны жөнінде, толық есептеліп біткенде жауап берілетіні туралы ескертпе келген еді. Атап айтқанда «Шахтер» (Қарағанды обл.) және «Қайсар» (Қызылорда обл.), «Ордабасы» (Шымкент қ.) футбол клубтары сенімгерлік басқаруға беріліп, «Тобыл» футбол клубы (Қостанай обл.) жекешелендірілді. Сонымен қатар, Ақмола облысының әкімдігі «Оқжетпес» футбол клубын 2023 жылы жекеменшікке өткізуді жоспарлап отыр, ал Маңғыстау облысының әкімдігі өзіне тиесілі кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру мәселесін пысықтауда.

Ең бастысы, кәсіби клубтарға бөлінетін қаражат 20,1 млрд теңгеге қысқартылып, бұл қаржы мемлекеттік спорттық тапсырысқа, спорт инфрақұрылымына, бұқаралық спорттық іс-шараларға қайта бағдарланатын болды. 

«Қостанай таңы» газетіне берген сұхбатынан
01.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 244
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 240
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 742
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 865
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 778

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8935
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8329
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11557
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9314
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10541