Қобызды Америкада өсетін жаңғақ ағашынан жасаймын

Қобызды Америкада өсетін жаңғақ ағашынан жасаймын

Тәуірбек Дүйсенбиев – Түркістан облысында қобыз жасайтын жалғыз шебер. Оның қолынан шыққан қобыздар бүгінде еліміздің барлық өңіріндегі оркестрлер мен ансамбльдерде қолданылуда. Орайы келгенде Тәуірбек ағамен жақынырақ танысып, әңгімелескен едік. – Тәуірбек аға, қай жердің тумасысыз? Ата-бабамыздан келе жатқан бағзы өнер бойыңызға кімнен дарыды? Мұны сұрап отырғанымыздың себебі, өлкемізде қобыз аспабын серік еткендер көп емес. 

– Мен Сауран ауданы Бабайқорған ауылында туып-өскенмін. Ертеде нағашы аталарым ұлттық аспаптар жасайтын шебер болған екен. Жалпы ілгеріде қазақ халқы малдың терісін илеп, былғарыдан түрлі бұйымдарды жасаған ғой. Одан қала берсе ағаштан ою ойып, темірден түйін түйген емес пе? Осындай қасиет менің бойыма ана сүтімен дарып, өмірімнің өзегіне айналды. Шүкір, жасаған аспаптарым шаң басып жатып қалған емес. Еліміздің әр өңірінен келіп, алып кетіп жатады. Арнайы тапсырыс беретіндер де аз емес. Біздің халқымыздың талғамы терең ғой. Әр аспапты үлкен талғаммен таразылап алады. 

– Қобыз қандай ағаш түрінен жасалады?

– Қобызды Америкада өсетін жаңғақ ағашынан жасаймын. Оны Алматыда арнайы тапсырыспен алдыратын адамдар бар. Мен солардан сатып аламын. Әрине, бұл ағаш түрі біздің елімізде оңайлықпен табыла қоймайды. Табылған күннің өзінде оны бірнеше ай күтуге тура келеді. Одан кейін бұл ағашты өңдеуге де біраз уақыт жұмсалады. Ал, домбыра мен шертерге үйіңкі, емен, қайың, жаңғақ секілді өзіміздің елімізде өсетін ағаштарды пайдаланамын. Қазіргі таңда домбыра мен шертерге де сұраныс көбейген. Әсіресе, жаңа оқу жылы қарсаңында саз мектептері мен колледждерден тапсырыс берушілер қатары арта түседі. Оларды көбіне оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жасаймын. Ал, бұлардан қалған ағаш қалдықтарын кәде-сыйларға қолданып, кәдеге жаратудамын.

 – Тәуірбек аға, әр аспаптың дауысының өзіндік ерекшелігі болады. Өнер адамдары көбіне дауысы таза, тұнық аспаптарды іздейді ғой. Сізге олардың дауысын келтіру қиынға соқпай ма? 

қпай ма? – Әрине, аспаптардың дауысын келтіру оңай дүние емес. Былай қарағанда, ол аспаптың қаңқасын құрастырғаннан да қиын. Оған да қажырлы күш керек. Мектепті бітіргеннен кейін Мәскеудегі өнер институтына оқуға түстім. Кейіннен Алматыда Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы ашылып, соған ауыстым. Әншілік пен актерлік мамандықты қатар меңгердім десем болады. Оқуды тамамдап, қолыма диплом алғаннан кейін Шымкенттегі Ж. Шанин атындағы қазақ драма театрына жұмысқа қабылдандым. Сол кезде бос уақытымда отыра қалып театрдағы домбыраларды жөндейтінмін. Кентау қаласындағы мәдениет үйінде режиссер болып жұмыс істеп, директорлық қызметке дейін көтерілдім. Дегенмен, мен анамның ақ сүтімен бойыма сіңген өнерден алыстап кете алмадым. Міне, отыз жылдай уақыт болыпты, өзіңіз көріп отырғандай, жан-жағы ағаш тілгілері мен жонылған жаңқаларға толған осы шеберханамда күн ұзаққа тапжылмай отырып, сүйікті ісіммен айналысып келемін. Қобыз – адамның сезімін, қуанышы мен күйінішін дәл әрі әдемі жеткізетін аспап. Оның құдіретті үнін келтірерде маған жоғары оқу орнында алған біліміме жүгінемін десем болады. Аспаптарының дауысы таза, тұнық болуын сараптай аламын. Қазіргі таңда бұрынғы ағаш өңдеуге арналған балта, ара секілді саймандардың орнын электр тогымен істейтін кескіш, тескіш станоктар алмастыруда. Бұл шеберлерге жұмысты жеңіл әрі тез жасауға мүмкіндік береді.  

– Аға, әңгімеміздің соңында біздің газет оқырмандарына айтар тілегіңізді жеткізсеңіз болады. 

– Барлық жерде айтатын бір ғана тілегім бар. Домбыра әр қазақтың үйінің төрінде тұруы керек. Мұны көріп өскен өскелең ұрпақтың ұлттық өнерімізге, төл аспабымызға деген құрметі артып, қызығушылығы оянады. Ата-бабамыздан қалған ауыз әдебиетіндегі алтын қазыналарымыздың барлығы бүгінгі күнге осы ұлттық аспаптарымыз арқылы жетті емес пе? Сондықтан оны қастерлей білген жөн. 

Сұхбаттасқан – Дилара БИМЕНОВА, Түркістан облысы
14.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 43
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 574
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 688
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 603
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 612

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8749
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8149
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11378
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9132
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10363