Қоғамда суицидтік көңіл күйді қалай болдырмауға болады?

Қоғамда суицидтік көңіл күйді қалай  болдырмауға болады?

Суицид жасаудан алдыңғы орындамыз 

«Суицид»  латын тілінен аударғанда «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Қазақстан суицид жасау жағынан бірінші ондыққа кіреді екен. Ал жыл сайын әлемде 1 млн адам өзіне қол жұмсайды, яғни 2 млн адам өз өміріне балта шабуға әрекеттенеді.  Олардың 8 мыңы қазақстандықтар. Әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірін қиып жатады. Әсіресе, елімізде жастар арасындағы  өзін-өзі өлтіру фактілері басқа елдерге қарағанда үш есе көп екен. Ресми органдардың дерегі бойынша, Қазақстан елдегі азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде 3-орынды алады.  Суицид жасауға басты себеп тұрмыстық зорлық-зомбылық, әлеуметтік жағдайдың  төмендігі, ішімдік пен нашаға әуестік, қайғылы оқиғадан кейін депрессияға түсу, психологиялық науқастар, т. б. жағдайлар. Теледидардан осыған ұқсас оқиғаларды жиі көреміз. Қызғаныштан үстіне бензин құйып өртеген әйел, жағдайдың жетіспеушілігінен өзі мен балаларын биік ғимараттың терезесінен тастаған аналар, күйеуінен, енесінен қысым көріп асылып өлген келін оқиғалары... Әсіресе мектеп оқушылары мен армияда  қызмет етіп жүрген әскерлердің жан-жағындағы зорлық-зомбылық пен әділетсіздікке шыдамай өз-өздеріне қол салуы жиілеп кетті. Бұл – қоғам дерті. Оның алдын алып, жан-жақтан көмектесіп күреспесек, кейін  тым кеш болады.

                                                 

Өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу

Елімізде әсіресе жастар арасындағы  өзін-өзі өлтіру оқиғалары  3 есе көп дейді зерттеушілер. Баланың бойында өз-өзіне қол жұмсау белгісінің пайда болуына үлкен адамдар себепші екен. Егер суицидке апаратын белгілер пайда болса, оған айрықша мән беру керек. Қатты дағдарыстағы, күйзелістегі  адамның жанайқайын айналасындағы жақын адамдары есіте білуі тиіс.  Жасөспірімдер депрессиясының алдын алуда әсіресе ата-анасының рөлі зор. Баланың көңіл  күйі болмай,  одан жан күйзелісінің белгілерін байқасаңыз, тез арада көмектесуге тырысыңыз. 

 Сіз өзіңізге жақын адамда депрессия басталғанын байқасаңыз, оның себептерін анықтауға ұмтылыңыз. Бұл төніп тұрған қауіпті жағдайдың алдын алуға көмектеседі. Мынадай психологиялық кеңестер ұсынамыз:

• Адамның өзі қызығатын жұмысымен айналысуына ықпал жасаңыз.

• Оның бір өзін жалғыз қалдырмауға тырысыңыз. 

• Оның сіз үшін қаншалықты қымбат екендігін, жақсы көретініңізді, оның  сізге керектігі туралы көп айтыңыз. 

• Кеңістікті өзгертіңіз. Оның барғысы келіп жүрген жағына немесе оның жағымды естеліктері бар жерлеріне барып қайтуына жағдай жасаңыз.

•  Саяхатқа немесе қонаққа баруды алдын ала жоспарлаңыз. Бұның оған көп жәрдемі тиеді. Себебі ол жарқын болашаққа өз жоспарларын құра бастайды да,  теріс ойлардан біртіндеп арылуы мүмкін.

  Адамның  бойындағы стрестік жағдайлар мен жүйкенің шаршауы депрессияға апарады.  Депрессия әр адамда әртүрлі, кейбіреуде ауыр өтуі мүмкін. Дегенмен одан шығып, жазылып  кетуге болады. Көңіл күйі түсіп, күйзеліске түскен жанға керегі жақындарың көңіл бөліп, жылы сөйлесуі, ыстық ықыласы. 

ШАРГҮЛ ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 138
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 138
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 652
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 771
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 685
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 695

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8832
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8230
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11457
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9214
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10440