Қоғамды ұйыстыратын – тіл

Қоғамды  ұйыстыратын – тіл

Орал қаласында Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы аясында мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында арнайы іс-шаралар жоспары жасақталып, соған сәйкес жұмыстар атқарылуда. 

Еліміздегі тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген бағыттар бойынша жүзеге асырылған жоспарлы жұмыстар жайында Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиевтен сұрап білдік. 

– Аталмыш бағдарлама мемлекеттік тіл саясатының негізгі басым бағыттарын айқындайды. Оның  көкейкестілігі қоғамдағы тіл мәселелерін шешуде мемлекеттік қолдаудың қажеттілігімен айқындалады. Ал тіл мәселесін оңтайлы шешу – ұлтаралық қатынастар үйлесімділігінің, халықтың топтасуы мен қоғамдық келісімді нығайтудың факторы болып табылады. Ұлт пен ұлысты мемлекеттік тілдің төңірегіне топтастыру мақсатында облыс орталығында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды, – деген Серік Ерболатұлы тілдің мәртебесін асқақтату мақсатындағы жүйелі жұмыстарды тізбектеп шықты.

Жыл сайын өткізілетін қалалық тіл фестивалі аясында биыл кездесу кештері, жаңа жобалар, байқаулар мен сайыстар оздырылған. Келешек ұрпақтың өсіп-өркендеуіне жол ашатын қазақ тілінде білім алушылардың санын арттыру мақсатында сәуір-мамыр айларында қаладағы жалпы орта білім беретін мектептердің даярлық тобының және мектепке дейінгі ұйымдардың жоғары топ тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен кездесулер өткен. «Қазақ мектебіне қадам басайық» жобасы аясында бастауыш сыныптардың даярлық тобы мен балабақшалардың орыс топтарында тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Жиналысқа негізінен орыс топтарындағы қазақ ата-аналары шақырылып, жалпы 40-қа жуық кездесуге мыңнан астам ата-ана қатысыпты. 

– 2021-2022 оқу жылында қала бойынша 1-сыныпқа қабылданған 6375 оқушының 3741-і   қазақ сыныптарына қабылданды. №3, 6, 7, 23 орыс  мектептерінде қазақша мектепалды даярлық топтары ашылып, биыл сол топтардың тәрбиеленушілері 1-сыныпқа қадам басып, қазақ тілінде білім алуда. 2022-2023 оқу жылында 7109 оқушы 1-сыныпқа өтініш білдіріп, оның 4813-і қазақ сыныптарына қабылданды. Ал №3, 6, 7, 17, 23, 24, 39 орыс мектептерінде қазақша 1-сыныптар ашылды. Қазіргі уақытта қала бойынша барлығы 50 жалпы орта білім беретін мектептің екеуі – орыс мектебі. Бүгінгі жас өрен – ертеңгі Қазақстанның тізгінін ұстар азаматтар екенін ұмытпағанымыз жөн, – дейді бөлім басшысы.

Тағы бір қуанышты жаңалық – Оралда «QAZAQ TILI» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастауыш ұйымының құрылуы. Бұл игі бастама халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы»  қоғамдық бірлестігінің IV құрылтайында қабылданған шешімдерге сәйкес қоғам жұмысын жандандыру мақсатында қолға алынды. Нәтижесінде мекеме-кәсіпорындарда «Қазақ тілі» қоғамының» бастауыш ұйымдарын құру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өңіріміздегі  ірі кәсіпорындар арасында «Тілге құрмет – елге құрмет» атты байқау өткізілген. Бөлім басшысы атап өткендей, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыру мақсатында  БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының қолдауымен өткен біліктілік байқауына 18  түрлі өндіріс саласының мамандары қатысып, өзара сынға түскен.

Балалар жылы аясында бөлімнің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі балалардың мемлекеттік тілге деген құрметін қалыптастыру мақсатында өткен қалалық «Бала тілі – бал» байқауына 4-5 жастағы бүлдіршіндер қатысқан.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жауапты жұмыстарының тағы бір легі ономастикалық нысандардың атауына байланысты. Ағымдағы жылы Орал қаласы бойынша идеологиялық тұрғыдан ескірген, мемлекеттік тілдегі жазу транскрипциясын реттеу бойынша бір шағынаудан, бір алаң және 14 көшенің атауын қайта атау бойынша шешім қабылданған. 

2022 жылдың 22 қаңтарында ҚР «Тіл туралы Заңының» көрнекі ақпаратқа қатысты жасалған өзгерістері мен толықтырулары қолданысқа енгізілуіне байланысты  мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлік нысан басшыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Жаңа өзгерістер бойынша кәсіпкерлік субъектілердің бланкілері мен маңдайшалары тек мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда ғана басқа тілдерде орналастырылады. Сонымен бірге көрнекі ақпарат мәтінінің қазақшасы мен орысшасының мағынасы бірдей болу керек. Осы бағытта қоғам белсенділерінің қатысуымен сауда-ойын-сауық нысандарындағы көпшілік орындарда жиі кездесетін ас мәзірі және нұсқағыштар, баға көрсеткіштерінің дұрыс жазылуы бойынша әдістемелік көмектер көрсетілген. Заң талаптарын сақтау бойынша жадынама жасақталып, шағын және орта бизнес нысандарына таратылған. Көрнекі ақпарат тілін реттеу мақсатында арнайы құрылған жұмыс тобы 200-ге тарта шаруашылық субъектілеріне рейд жүргізіп, заңға сәйкес келмейтін 113 деректі анықтаған. Жазбаша ескертулер берілген кәсіпкерлік нысандарының иелерімен байланыс орнатылып, заң талаптарының сақталмау фактілері бойынша түзету шаралары алынған. 

– Қазіргі жаһандану заманында кез келген елде тұлғалық ұлттың тіліне, мәдениетіне, парасаттылығына сүйенбей, халыққа жайлы азаматтық қоғамды қалыптастырмай, гүлденген ұлттық мемлекеттің іргетасын қалау мүмкін емес. Дүние жүзінде егемен мемлекет болған елдердің барлығында басқа этнос өкілдері мемлекет құрушы байырғы ұлт төңірегіне топтасып, біртұтас халық болып, бір тілде сөйлеп, болашаққа сенімді түрде аяқ басып келеді, – деген Серік Ерболатұлы біздің қаламызда да осындай жоспарлы жұмыстар әлі де жалғасын табатынын жеткізді. 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
08.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 95
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 38
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 43
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 37
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 90
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 95
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 290
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 284
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 905

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8982
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8377
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11602
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9360
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10586