Қоғамдық бірлестіктің ұйытқы болуымен сахналанған қойылым

Қоғамдық бірлестіктің ұйытқы болуымен сахналанған қойылым

 

Оралда «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі әлем әдебиетінің жауһары саналатын, ұлт руханиятына терең із қалдырған Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романы желісімен әзірленген трагедиялық қойылымдыкөрермен назарына ұсынуға ұйытқы болды.

Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылған бұл іс-шара барысында жастарға радикалды идеялардың зиянын көркем образдар арқылы терең сезіндіру, теріс ағымдардың психологиялық әсерінен сақтандыру, қоғамдағы бейбітшілік, келісім және жауапкершілік идеясын насихаттау, әдеби-мәдени мұра арқылы жас буынның рухани ой-өрісін кеңейту мақсаты көзделген еді. Қойылымның қоюшы режиссеры – Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Жасқайрат Валиуллиев.Ал қойылымды қалалық «Жастар мәдениет үйі» жанындағы«Ғасыр жастары» жастар театры мен «Салтанат» би ансамблісахналады. Екі күн қатарынан қойылған туындыны тамашалауға мектеп оқушылары, жоғары оқу орындары менколледждердің студенттері келді. Жалпы екі күн бойы зал мыңға жуық адаммен толықты.  

– Бұл спектакль – адам тағдыры, рухани таңдау, ар мен борыш, уақыт пен ұрпақтар сабақтастығы жөніндегі үлкен философиялық сұрақтарды қамтитын терең драмалық туынды. Жаңа сахналық нұсқа романдағы негізгі идеяларды бүгінгі күннің көрерменімен қайта тоғыстырып, Айтматов шығармашылығының әмбебаптығын айқын көрсетеді.Қойылымның өзегінде – магистраль бойындағы қарапайым теміржолшы Едігенің біркүндік сапары мен сол сапарға сыйған тұтас ғұмыр. Едігенің ішкі арпалысы, өткенмен бетпе-бет келуі, және бүгінгі заманның қатқыл өзгерістері трагедиялық кеңістікте терең ашылды. Спектакльде ұлттықжады, тарихи шындық, адамдық қасиет, сондай-ақ  романның символдық желілерінің бірі – Мәңгілік Ел идеясы көркем шешіммен көрініс тапты, – дейді «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі төрайымының м.у.а. Гүлбаршын Мұштанова. 

Ләззат ҚАЖЫМОВА

БҚО, Орал қаласы

 

05.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 556
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 558

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20882
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20665
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35800
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34320
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38202