"AMANAT" партиясы аудандық филиалының жанынан құрылған Партиялық бақылау комиссиясының және Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің біріккен отырысы өтті.
Күн тәртібінде «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын міндеттер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы» және «Жуалы ауданы бойынша елді мекендердің газбен қамтамасыз ету жұмыстарының барысы» мәселелері қаралды.
Аталған күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жатқанбаев Қайрат Есенбекұлы есеп берді.
-Соңғы 3 жылда мемлекеттік бағдарламалардың арқасында, яғни 2020-2022 жылдар аралығында 14 елді мекенге 2020-2021 жылдары 10 елді мекенге табиғи газ кіргізілген болатын.
Атап айтқанда: 2020 жылы 8 елді мекен: Шымбұлақ, Майбұлақ, Қосмұрат, Тасбастау, Кәріқорған, Қоңыртөбе, Күреңбел ауылдық округіне кіргізілген болатын. Сонымен қатар Шақпақ станциясына демеушілер есебінен газ құбыры кіргізілген болатын.
2021 жылы 2 елді мекенге, яғни Ертай, Көлтоған елдімекендеріне газ құбыры тартылған болатын.
Өткен жылы 5 елді мекенге 24,725 шақырым болатын кварталішілк табиғи газ кіргізу жұмыстары атқарылып бүгінгі күнге 4 елді мекенде Қаратас, Рысбек батыр, Қызтоған, Ақтасты ауылдарында жұмыстар аяқталды, ал Қошқарата ауылындағы жұмыстар ағымдағы жылы аяқталып, пайдалануға берілетін болады, - деді Қайрат Жатқанбааев.
Жиын соңында комиссия мүшелерінің тарапынан бір қатар ұсыныстар берілді. Айтылған ұсыныстардың ішінде маңыздысы аудан орталығынан абаттандыру жұмыстарына көп көңіл бөлу және асфальт жамылғысының тозуына байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы бастама көтерілді.
Сондай-ақ аталған ұсыныстарды ескере отырып, қаулы қабылданды.