Қоғамдық ұйымдардың және уәкілетті мемлекеттік органдардың рөлі

Қоғамдық ұйымдардың және уәкілетті мемлекеттік органдардың рөлі

2024 жылғы 23 мамыр күні Тараз қаласының Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Сайлау процесін даярлау мен өткізу барысында саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдардың және уәкілетті мемлекеттік органдардың рөлі туралы» тақырыбы бойынша оқыту-семинары өтті.

 Семинарға  Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары, Жамбыл облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары С.Құрманбеков,  облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ұ.Сламбекова, «Әулие ата - медиа» АҚ-ның бас директоры Д.Асқарұлы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, облыстық прокуратура мен саяси париялардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Семинарды Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашып кіріспе сөз сөйледі.

Келесі кезекте облыстық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Т.Жамалов «Өңірде өткізілген сайлау науқандарындағы саяси партиялармен қоғамдық бірлестіктердің рөлі мен маңыздылығы, олармен ұсынылған кандидаттардың белсенділігі туралы» дәріс оқып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді . 

Сонымен қатар облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы
Ұ.Сламбекова «Сайлау процесін даярлау мен өткізу барысында саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың және жергілікті атқарушы органдардың өз-ара іс-қимылы туралы» тақырыбында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Е.Тумабеков «Ұсынылған кандидаттардың заң талаптарына сәйкестігін анықтау барысындағы мәселелер туралы», «Әулие ата - медиа» АҚ-ның бас директоры Д.Асқарұлы «Сайлау науқаны барысында сайлаушыларды ақпараттандыру және үгіт кезеңіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі туралы», облыстық    прокуратура өкілі «Сайлау науқаны барысында қолданыстағы заңнамалардың орындалуы туралы», Қазақстан халық партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Ж.Бастаубаева «Саяси партиялардың сайлау процесін даярлау мен өткізу барсындағы тәжербиесі туралы» тақырыптарына дәрістер оқыды.

Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Семинар соңында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов қорытындылап, сайлау процесін даярлауда оның ашықтығы мен заң талаптарына сәйкес өтуіне семинарға қатысушылардың назарын аударып, сайлау науқандарында белсенділік танытқан бірқатар саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер басшыларын алғыс хаттармен марапаттады.

Жамбыл облысы әкімдігі
29.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 129
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 128
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 644
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 762
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 676
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 687

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8823
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8221
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11448
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9203
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10432