ҚОҒАМНЫҢ КІНӘСІ

ҚОҒАМНЫҢ КІНӘСІ

АҚШ-та  ірі сауда дүкенінен нан ұрлап, қашып кетпек болған  14 жасар  баланы тұтқындап, жауапкершілікке тартады.

Шешім қабылдамас бұрын  судья баланың  сөздерін тыңдағысы келеді.

Судья: Неге ұрладың?

Бала: Керек болды.

Судья: Ұрламай-ақ, сатып алуға болмас па еді?

Бала: Сатып алуға ақшам болмады.

Судья:  Ата-анаңнан алмадың ба?

Бала: Үйде тек анам ғана бар, ол  науқас, әрі  жұмыссыз. Сондықтан нанмен қоса ірімшік те ұрладым...

Судья: Сен жассың ғой, қалай жұмыс істейсің?

Бала:  Мен көлік жуатын орында жұмыс істегенмін.  Науқас анамды қамқорлығыма алуыма рұқсат берілгеннен кейін, оларға керегім болмай қалды... 

Судья: Өзгелерден көмек сұрап көрдің бе?

Бала: Әр күні кемі елу мекен-жайға кіріп, кез келген ең аз еңбекақыға жұмыс сұраймын. Нәтиже аз... Ақыры ұрлық жасауға бел будым...

Баламен сұхбаттасып болған соң, сот мынадай шешім шығарды:

«Ұрлық, әсіресе нан ұрлығы – өте ұятты қылмыс... Себебі бұл іске  барлығымыз кінәліміз. Залда отырған сіздер және мен де... Осы сотқа қатысушылардың барлығы 10 доллардан  төлеуге жаза кесемін, сол орындалғанша бұл залдан ешкім шықпайды.

Аш баланы полицияға тапсырған  сауда үйінің иесі де 1000 доллар айыппұл төлесін».

Үкімді естіген бала көз жасын тия алмады, сот екінші үкімді оқығанда бала тіпті, толқып кетті. 

 Жанарындағы жасты жасыруға тырысқан сот та соңғы үкімін оқыды: Егер адамды нан ұрлығы үстінде ұстап алсаңыз, онда сол қоғам, мемлекет ұяттан өртену керек...

 

Р/S: Ұяттан өртену керек!

Қандай ғажап сөз! Негізі дәл осыған ұқсас оқиға бір ғибратты әңгімеде баяндалған. Ал мына оқиға өмірде болған сияқты. Мейлі болсын, болмасын оқиға жан дүниеңді бір қопарып тастайды. Көзіңе жас үйіріледі. Біздің қоғамда да, мемлекетімізде де осыған ұқсас жанды оқиғалар көп. Кедей отбасылар бізде жетіп артылады. Көп қабатты үйден құлап мерт болған отбасының қазасы естеріңізде ме? Анасы үш баласымен бірге секіріп, осындай шешім қабылдаған. Неге? Не себепті? Жоқшылықтан. Бір үзім нанға зар болғандықтан. Баспанасыз жоқшылықта өмір сүріп жатқан қаншама отбасы бар десеңші! Кім кінәлі? Ұяттан өртенбейтін, естімейтін билік кінәлі! Ұялу түгілі, халықтың қаржысын ұрлап, дандайсып жүргендерді сіздер жақсы білесіздер. Әділетсіз, жемқор соттар көп. Иә, ұяттан өртенетін адамдар керек біздің қоғамға. Қайдасыңдар?..

 

Аударған – Әдемау ТОЛЫСБАЕВА
01.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 111
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 302
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 924

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8998
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8393
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11618
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9376
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10602