Қоқыс та табыс көзі бола алады

Қоқыс та табыс көзі   бола алады

Елордада халық санының өсуіне байланысты, қоқыс көлемі де артып келе жатқаны қала басшылығының алаңдаушылығын тудырып отыр. Бұған дейін қаладағы қоқыс өңдеу зауытының қуаты 250 мың тонна болса, енді кәсіпорынның қуатын екі есе арттыру үшін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зауыт толық жаңғырған жағдайда өндіру қуаты 450-570 мың тоннаға дейін жетпек. Сондай-ақ сұрыптау тиімділігінің деңгейін 80%-дан 95%-ға дейін арттыру көзделіп отыр.

Қала әкімі Алтай Көлгінов зауытты жаңғырту жұмыстары жөнінде, – «Жыл сайын халық санының қарқынды өсуіне байланысты қалада тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі 10-15 пайызға артып келеді. Бұл өз кезегінде экология мен тұрғындарға тікелей әсер етеді. Бүгін осы бағытқа қатысты мәселелер бойынша қоқыс шығарумен айналысатын кәсіпорындармен кездесу өтті. Қала бойынша контейнерлер санын көбейтуді, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою жұмыстарын күшейтуді тапсырдым» деп жазды қала әкімі Instagram парақшасында.

Қала басшысы қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинау жалғасатынын жеткізді. Ол үшін қала бойынша контейнерлер орнатылған. «Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу деңгейі 75 пайызға, қайталама шикізатты алу көрсеткіші 17 пайызға жетті. Бұл көрсеткіштерді жоспарлы түрде арттыру қажет», – деген болатын.

Осы орайда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Елдос Абақанов пен Бауыржан Сартбаев жақында елорданың қоқыс өңдеу кешеніне барды. Депутаттар кәсіпорынның жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен әңгімелесті.

Қазіргі уақытта ұйым техниканы жаңғырту және қайта өңделетін қоқыс көлемін ұлғайту мәселесін көтеруде. «Кешен өз жұмысын 2008 жылы бастаған, ал 2011 жылдан бастап тұрақты деңгейге шықты. Кәсіпорын іске қосылғаннан бері 10 жылдан астам уақыт өтті. Басшылық бастапқыда жоспарланған қуат таусылғанын жеткізді. Егер зауыттың қуаты жылына 250 мың тонна болса, қазір кешен 310 мың тонна қабылдайды. Сондықтан кешен қазір қалаға толық қызмет көрсете алмайды, ал Нұр-Сұлтан халқы жыл сайын 7%-ға өсіп келеді», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елдос Абақанов. Зауыт қызметкерлерінің айтуынша, жұмыс орнында жағдай толық жасалғанын, сондай-ақ күнделікті үйіне жеткізіп салу қызметі де ұйымдастырылған. Сонымен қатар көп кешіктірмей, қала әкімдігі қоқыс өңдеу кешенінің жанынан аялдамалар салуды ойластырып отырғанын жеткізді. 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
24.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 166
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 171
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 387
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 352
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 969

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9047
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8443
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11670
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9434
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10651