Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып Алимжанов Галым Бекмурзаевич тағайындалды.
Галым Бекмурзаевич 1983 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген.
Ұлты-қазақ.
Білімі-жоғары. 2004 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2004-2005 жылдары Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ақшолақ ауылының орта мектебінде Тарих және география пәнінен мұғалім болып бастаған.
2006-2007 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы «Қордай ауыл шаруашылық» колледжінде тарих және география пәндерінен оқытушы, 2007-2009 жылдары «Қордай ауыл шаруашылық» колледжінде күндізгі оку бөлім меңгерушісі, 2009-2013 жылдары Қордай ауданының Ноғайбай ауылының «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №19 кәсіптік лицейі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры, 2013 жылы № 9 орта мектебінің директоры, 2013-2018 жылдары № 14 Ә. Нүсіпбаев атындағы орта мектебінің директоры, 2018-2023 жылдары №19 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып қызметтер атқарған.
Үйленген, 4 бала тәрбиелеуде.