Қордай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда

Қордай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 8 сәуірде басталған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қордай ауылының Жібек жолы көшесіне жаппай сенбілік жұмыстар жүргізілді.

Тазалық жұмыстарына аудан әкімдігінің бөлім және мекеме қызметкерлері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары қатысты.

- Жібек жолы көшесі Қордай ауылының басты көшелерінің бірі болғандықтан сауда орындары мен әлеуметтік нысандар көп.

Тиісінше, ауыл тұрғындары мен көлік үзіліссіз жүретін көшенің жол жиегі жиі қоқыстанады. Бүгін осы көшеге жаппай сенбілік жұмыстарын жүргізе отырып, барша қордайлықтарды туған жердің тазалығын сақтау – баршаға ортақ іс екендігін ұғындырсақ екен деген ниетіміз бар, деп атап өтті Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Абсеитов.

Жалпы сенбілік жұмыстарына 100-ге жуық аудан тұрғындары қатысып, жол жиегі мен арықтарды қоқыстан тазартып, ағаш түптерін әктеу жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, 5 аптаға созылған экологиялық акцияға жалпы 10 мыңнан астам тұрғындары қатысып, 44 мың тонна күл-қоқыс шығарылып, арықтар мен бұлақтар тазартылды.

Қордай ауданы
10.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ӨТКЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 16.09.2024 37
ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 15.09.2024 93
Сыбайлас жемқорлық
Бибітгүл Аманжоловна - 13.09.2024 214
ҚАЗАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ
Асқар Жұмаділдаев - 13.09.2024 233

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4613
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 4058
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6541
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 5015
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6221