ҚОРДАЙДА КЕЛІСІМ МЕН ТАТУЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕГЕН ІС-ШАРАЛАР КЕШЕНІ БАСТАЛДЫ

ҚОРДАЙДА КЕЛІСІМ МЕН ТАТУЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕГЕН  ІС-ШАРАЛАР КЕШЕНІ БАСТАЛДЫ

Елімізде тұрақтылықты,  этносаралық  келісімді  қамтамсыз  ету мемлекеттік  саясаттың  маңызды  басымдықтарының  бірі. Осы мақсатта Қордай ауданында этносаралық  келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған кешенді шаралар жоспары жасақталып, 30 қаңтар мен 7 ақпан аралығында  түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастыралатын болады. 

Аудандағы этнос өкілдері көп шоғырланған Қарасай, Масаншы, Қарасу, Сортөбе, Бұлар батыр (ауылы)және Ауқатты ауылдық округтерінің түрлі санаттағы тұрғындары арасында 34 іс-шара өткізіп, 10 мыңға жуық ауыл азаматтарын қамту жоспарлануда. 

Кешенді жоспардағы шаралар елдегі бейбітшілік пен келісімнің маңызын ұғындыруға, мемлекеттік тіл мен ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға, патриотизм мен азаматтың ұстанымды қалыптастыруға, отбасындағы қыз бен ұл тәрбиесін  нығайтуға бағытталған. Мәселен жоба аясында тұрғындардың отансүйгіштігі мен рухын көтеру мақсатында «Елінің ерен тұлғасы» айдарымен ауылдан шыққан тумалардың мұрасын насихаттау шарасы, «Мен қазақша сөйлеймін» тақырыбында Масаншы, Сортөбе ауылдарындағы мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері арасындағы байқау, Жастар арасындағы қазақтың ұлттық ойындарынан Масаншы, Қарасу, Степной, Сарыбұлақ, Қайнар, Қарасай, Жамбыл ауылдары жастарының арасында «Достық» спартакиадасы, «Жастарға дұрыс бағыт беру, аға ұрпақтың борышы» тақырыбында Қордай ауданының жастарымен діни ағымдар турасында кездесулер ұйымдастырылатын болады.

Бүгін жоспарға сәйкес алғашқы шаралар қатары өтіп,  Қордай ауданының 95 жылдық мерейтойына басымдық берілді.

30.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 33
СУ ҮНЕМДЕУ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 63
СҮТ ӨНДІРІСІ АРТАДЫ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 60
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 172

Топ жаңалықтар

1
Сайлаудың алдын ала қорытындысы
Show more
Рауан МУТАИР - 2023-03-20 92
2
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 168
3
Онлайн марафон дәстүрге айналып келеді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 164
4
Алда еліміздің болашағы үшін ең бір маңызды іс - сайлау!
Show more
Аятжан Ахметжанұлының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 173
5
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Show more
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 172