Қордайда халықтың 64,3 пайызы санақтан өтті

Қордайда халықтың 64,3 пайызы санақтан өтті

Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында елімізде Ұлттық санақтың өтіп жатқаны белгілі. Осыған орай, Қордай ауданында маңызды науқан қарқынына үңіліп, санақ жұмыстары барысын, атқарылған істі назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.

Халық санағын жүргізуге бекітілген интервьюерлер планшетті қолдану арқылы Қордай ауданындағы барлық елді мекендерді, тұрғын үйлерді аралап, «Онлайн санақтан» өту жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Ал, аудандық статистика басқармасының мәліметіне сәйкес, бүгінгі күнге 35204 адам офлайн режимінде санақтан өтсе, 58768 адам онлайн санақтан өтіп, бас-аяғы 93972 адам немесе жалпы аудан халқының 64,3 пайызы санақтан өтті.

Айта кетсек, 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында аудан тұрғындары интернет желісі арқылы онлайн режимде арнайы «sanaq.gov.kz» сайты арқылы санақ парақтарын өз бетінше толтырып, санақтың барлық сұрақтарына жауап бере алады.

Естеріңізге сала кетсек, интервьюерлер көк түсті, 2021 жылғы халық санағының бекітілген логотипі жапсырылған портфельдер және шарфтармен, сауалнама жүргізетін планшеттермен, планшеттерді қуаттандырғыш пауэрбанктермен және Статистика департаментінің мөрі қойылған интервьюер куәлігімен жүреді.

Қазіргі таңда 2-ші кезең 1-ші қазаннан 30-шы қазан аралығында Қордай ауданының барлық елді мекендерінің үй шаруашылықтарын санақшылармен аралап, тұрғындарды есепке алу жұмыстары жүріп жатыр.

Халық санағына әр адамның атсалысқаны маңызды.

Жасұлан СЕЙІЛХАН, Жамбыл облысы
18.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5566
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5713
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20682
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19315
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22778