Қорық-музейге құнды мұралар табысталды

  Қорық-музейге құнды мұралар табысталды

Тарих жәдігерлермен құнды. Бұның туризмді дамытуға да қосар үлесі үлкен. Құнды жәдігерлермен толықтыру мақсатында Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұжымы «Музейге сый» деп аталатын акцияны жиі өткізуді дәстүрге айналдырған. Міне осындай кезекті акция барысында музей қорына атақты Әмір Темірден бастау алатын тарихты тірілтетін 50-ге жуық құнды мұра тапсырылды. Олардың қатарында халық арасында сақталған құнды қолжазбалар мен көне баспалар және қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан зергерлік әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар бар.

Музейлерде жинақталған жәдігерлер қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан төл мәдениетінің материалдық және рухани өмірде жеткен жетістіктерінің жемісі. Өйткені кез келген халықтың рухани болмысы оның материалдық дүниелерінде көрініс беріп отыратыны белгілі. Ал музейге қабылданған әрбір затты мемлекет қарауына алынған күннен бастап көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу сынды жауапкершілігі аса жоғары жұмысты мінсіз атқару, сонымен қатар қорды ұдайы жаңа жәдігерлермен толықтырып отыру – музей қызметкерлерінің негізгі міндеттерінің бірі. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіндегі қорды толықтыру мақсатында өткізілетін «Музейге сый» акциясында жәдігерлер екі бағытта қабылданады екен. Құнды дүниелер негізгі қор есебіне қабылданса, экспозиция және көрме құруға көмекші құрал ретінде пайдаланатын жәдігерлер ғылыми көмекші қорға тіркеледі. «Қазіргі күні 25560 дана жәдігер мемлекеттік тіркеуге алынса, оның ішінде сыйға берілген жәдігерлер саны – 1895 дананы құрайды. Осынау шараға атсалысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен музей жанашырлары хабарласып, мұраларды тапсыруға ниет білдірді. Акция барысында көптеген құнды дүниелер келіп түсуде. Тарихи материалдарды музейге өткізіп жатқан барша азаматтарға алғыс білдіремін, –деді акция барысында көпшілікке ризашылығын білдірген «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков.

«Музейге сый» акциясы барысында Түркістан қаласының тұрғыны  Алиакбар Артықұлы Жалилов ұстаздары мен ата-бабаларынан мұраға қалған 26 тарихи кітапты табыстады. Олардың қатарында Құран кәрімнің тәфсирі (түсіндірмесі), Пайғамбарлар өміріне қатысты «Пайғамбарлар қиссасы», Мұхаммед (с.а.у) пайғамбарымыздың хадистері, түркі халқына ортақ ұлы ақын, ойшыл Әлішер Науаидің «Науаи» атты еңбегі, «Далаил Хайрият» (жақсылық дәлелдері), «Бустан ул шариат» (Шариғаттың бағы),  фикһ (шариғат) кітаптар мен «Ғиясул луғат» (арабша-парсыша сөздік), араб тілінің грамматикасы туралы жазбалар мен бірнеше діни шығармалар бар. Түркістан қаласының тұрғыны Мұрат Райхан Қазақстанның батыс өңірі шеберлерінің қолынан шыққан күміс жүзікті сыйға тартса, Кентау қаласының тұрғыны Арыстанова Баян анасы Орынбасарова Несіпкүлдің өз қолымен тоқып, тұтынған заты болғандықтан ұрпақтан-ұрпаққа сақталу үшін қазақтың тоқыма бұйымдары – тақыр кілем тоқу әдісімен тоқылған қоржын мен киіз үй әшекейін музейге аманаттады. Сонымен қатар Мадина Ахметова есімді ақжаулықты ана ертеден келе жатқан қыш леген мен бидай-тары түйген келі-келісаптың қызықты тарихымен бөлісе отырып, әрі қарай музей жәдігері ретінде сақталуына сенім білдірді. Музейге сыйға берілген өзге де тарихи жәдігерлер қатарында VII-IХ ғғ. тән қыш саптыаяқ, ХIII ғ. кезеңіне жататын 14 дана мыс тиын, зергерлік бұйымдар, тарихи кітаптар мен қыш ыдыс бұйымдары бар.

Шара аясында Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі Үлкен ақсарай бөлмесінің жаңартылған экспозициясына үлесін қосқан Алматы қаласының тұрғыны Талғат Шәймерденұлы 2 дана қасқыр терісін тапсырды. Сондай-ақ Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген Бейбаулы батыр Өтейұлының Қостанай облысындағы ұрпақтары Түркістан қаласында тыныс тапқан би-батырлар жайлы құнды кітап ұсынды. 

Музей қорын толықтырудың көптеген жолдары мен әдістері бар. Солардың бірі – халық арасында акциялар өткізіп, қолдарында жинақталған тарихи маңызы бар жәдігерлерді музей қорына сыйға тартуға шақыру. Музейлерге сый жасау әлемдегі музейлерде дәстүрлі шараға айналған құбылыс. Әлемдегі ең ірі музейлердің барлығы және қазіргі таңда қазақ жеріндегі 400-ге жуық түрлі жобадағы музей қорларының басым бөлігі музейге берілген сыйлардан тұрады. Жеке азаматтардың музейлерге сыйға берген мәдени құндылықтары қор жинақтау мен толықтыру ісіндегі ең маңызды негіздердің бірі болып табылады. 

Музейге сый шарасының мақсаты – ұлттық тарихи-мәдени мұраларды жоғалтпау, ел арасында елеусіз жатқан тарихи маңызы зор, құнды заттарды, ұлтымыздың ұлы тұлғаларына қатысты жәдігерлерді кәсіби тұрғыда сақтап қалуға атсалысу», – деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

Құнды жәдігерлерді отбасында сақтамай, көпшіліктің көруіне себепкер болған белсенді азаматтардың бұл игі істеріне музей басшылығы мен ұжымы алғыс айтса, тұрғындар ризашылығын білдірді. Бұйыртса, бұндай шаралар өткізу алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Ш.Мекенбайұлы
11.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 94
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 104
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 199
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 199
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 336
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 339
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 566
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 513

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9215
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8611
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11837
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9607
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10820