«Қорытынды жасаңыздар». Мәжілістің жаңа төрағасы депутаттарға ескерту жасады

«Қорытынды жасаңыздар». Мәжілістің жаңа төрағасы депутаттарға ескерту жасады

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттарға Президенттің мәлімдемелерінен қорытынды шығарып, оны аймақтардағы азаматтарға жеткізу керек екенін ескертті, - деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. "Тоқтала кететін маңызды жайт бар. Кеше Мемлекет басшысы бүгінге дейін қордаланып қалған мәселелерді өткір сынға ала отырып, нақты міндеттер жүктеді. Осы міндеттердің ең маңыздысы - еліміздің әлеуетін қалпына келтіру, халықтың табысын арттыру және жақсы жағдай жасау.  Осы мақсаттарға қолжеткізу үшін Президент бірқатар басым бағытты белгіледі - адамдардың кәсіпкерлікпен айналысуы үшін тең жағдай жасау, еңбекке қолайлы жұмыс орындарын құру, тұрғын үй және денсаулық сақтау мәселелерін шешу, инфляцияны тежеу, қосымша қаржыландыру көздерін табу және шағын және орта бизнесті дамыту. Бәріңіз таныстыңыз деп ойлаймын", - деді Қошанов Мәжіліс отырысы басталар алдында. Ол депутаттарды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді сапалы заңдармен қамтамасыз етуге шақырды. "Президент келеңсіз оқиғаларға да тоқталып, елімізде қарызға белшесінен батқан азаматтар мен кедейлер қатары көбейіп келе жатқанын ашық айтты. Әсіресе, табыстан, адал еңбектен үмітін үзген жастардың арасында тәуелділік пайда болғанын қатаң сынға алды. Айтылған сөзден тиісті қорытынды жасаңыздар, әрекет етуіміз керек. Бір аптадан кейін бәріміз аймақтарға сайлаушылармен кездесуге аттанамыз. Содан кейін бұл нақты қадамдарды әрбір сайлаушыға, әрбір азаматқа жеткізуіміз керек. Елдегі проблемалар туралы біліңіздер. Өйткені, ел игілігі үшін қызмет ету - ортақ парызымыз", - деп түйіндеді сөзін Қошанов.

Ойнет жаңалықтар сайты: https://oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=38073&fbclid=IwAR3-e_MsebqysOFfihspYUX8sa7_HkoyFOYKQs20t75UNBGKuSb1gVpWqKY

10.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 75
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 597
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 714
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 626
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 636

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8772
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8172
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11401
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9155
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10386