Қос орталық жаңа жылды тойлады

Қос орталық жаңа жылды тойлады

«Шапағат» көпсалалы оңалту орталығында ем алушы балалар  мен қызмет көрсетуші қызметкерлерге арнап Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі тойланды. Қонаққа «Демеу»   әлеуметтік қызмет орталығының қызмет алушылары шақырылды. Балалар мен ұжым мүшелерінің көбі қазақтың ұлттық киімдерін киіп келді. Келушілердің көңілін көтеру мақсатында  эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Ерлан Али, Мұхит Албан, Абзал Төкенұлы сынды әншілер ән айтып, балалармен бірге суретке түсті.  Ұлттық ойындар ойналып, жарыстар ұйымдастырылды. Мерекелік дастархан жайылып, келген қонақтарға наурыз көже таратылды. Өнер адамдарына ризашылығын білдірген орталық басшылары марапаттау қағаздарын табыстады. Наурыз тойын өткізуге атсалысқан ұйымдастырушылар Жиеналы Калтаев, Мақпал Байказакова, Меруерт Касымкановалар өздерінің белсенділіктерін көрсетті.  Ауа райының салқындығына қарамай би билеген жастар мен қонақтар көтеріңкі көңіл-күймен  тарасты. Әлеуметтік-мәдени қызмет бойынша ұйымдастырылған бұл іс-шара орталықтар арасындағы  сенімді қарым-қатынас пен байланысқа ұйытқы болды. 

                                                                                                   

 

Шаргүл Қасымханқызы
01.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 33
СУ ҮНЕМДЕУ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 60
СҮТ ӨНДІРІСІ АРТАДЫ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 58
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 170

Топ жаңалықтар

1
Сайлаудың алдын ала қорытындысы
Show more
Рауан МУТАИР - 2023-03-20 84
2
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 162
3
Онлайн марафон дәстүрге айналып келеді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 158
4
Алда еліміздің болашағы үшін ең бір маңызды іс - сайлау!
Show more
Аятжан Ахметжанұлының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 170
5
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Show more
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 169