Қостанай облысында тауықтар қырылып жатыр

  Қостанай облысында тауықтар қырылып жатыр

    Қостанай облысының екі ауданында тауықтар белгісіз аурудан жаппай қырылып жатыр. Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл белгісіз дерттің алғашқы ошағы емес. Федоров ауданындағы Ленино ауылының тұрғындары жұмыртқалайтын тауықтар мен бройлерлердің қырылып жатқанын айтады. Ал олардың елді мекені толығымен құссыз қалған. Жергілікті мал дәрігерлері өлген бірнеше құсты сараптамаға алып кетті. Оқиғаның мән-жайын анықтаумен облыстық ветеринариялық зертхананың мамандары айналысуда. Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, барлық құстар өртеу арқылы жойылған. Ал олардың қырылған орындарында дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Дәл осындай жағдай сәуір айында көрші Қарабалық ауданында болған еді. Содан кейін ветеринарлар құстар уланған болуы мүмкін деген болжам жасады. Ветеринария мекемесінің шенеуніктері кейінірек клиникалық белгілер Ньюкасл ауруына сәйкес келіп тұр деп хабарлады. Қостанай облысының ветеринария басқармасының басшысы Талғат Шамшадин: «Пастереллез (жануарлар мен құстарда кездесетін жұқпалы ауру.) бен Ньюкасл ауруына зертханалық зерттеулерге материалдар іріктелді. Бұл материал Нұр-Сұлтан қаласындағы ветеринария жөніндегі анықтамалық орталыққа жіберілді. Алдын ала нәтижелер 10 күн ішінде белгілі болады», – дейді.

21.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5215
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5374
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20338
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18973
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22438