ҚР Ауыл шаруашылығы министрі мен Жамбыл облысының әкімі шаруалармен кездесті….

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі мен Жамбыл облысының әкімі шаруалармен кездесті….

Министр облыста ауыл шаруашылығы саласының табысты дамып келе жатқанын айтып, бүгінгі таңда көктемгі дала жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізу – басты міндеттердің бірі екендігін жеткізді.

— Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер тұқымдармен   қамтамасыз етілді. Минералды тыңайтқыштарды сатып алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 760 мың гектар жерге егіледі, бұл өткен жылмен салыстырғанда тоғыз мың гектарға артық. Мен өзім бірқатар ауданды аралап, жергілікті жерлердегі жағдайлармен таныстым, шаруалармен бірге өзекті мәселелерді талқыладық, — деді Ербол Қарашөкеев.

Ол ел Үкіметі мен ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен агросекторды қолдау, инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Ауыл шаруашылығы министрі 2023 жылдан бастап агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың жаңа тетігі енгізілетінін хабарлады.

— Президенттің тапсырмасына сәйкес Ауыл шаруашылығын дамытуға қомақты қаражат бөлінуде. Биыл мемлекет тарапынан 310 млрд. теңге субсидия қаралды. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосымша 298 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді, — деді Ербол Қарашөкеев.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Шаруалар агроөнеркәсіп кешенін дамыту, оның ішінде мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдау, жайылымдық жерлерді бөлу, ауыл шаруашылығы жерлерін суару, субсидия алу, ветеринарлық қауіпсіздікке қатысты сұрақтарын жолдап, жауаптар алды.

Сондай-ақ, кездесуге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірқатар департамент басшылары қатысты. Олардың қатарында егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтанов, Аграрлық азық-түлік нарығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова, жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Гүлжахан Бимендина, Мал шаруашылығы департаменті директорының орынбасары Ерлан Ілиясов,  «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры Айгүл Жұбанышева, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы Айдар Прашев бар.

– Мемлекет жыл сайын ауыл шаруашылығы саласын қолдау шараларын арттырып келеді. Бүгінгі жиынның нәтижесінде көптеген өзекті мәселелер шешімін табатынына сенімдімін. Біздің басты мақсатымыз – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деп түйіндеді сөзін аймақ басшысы.

 

JAMBUL.GOV.KZ
16.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 70
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 72
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 317
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 318
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 540
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 488

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9191
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8589
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11817
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9586
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10800