ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жамбылдықтармен кездесті

ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жамбылдықтармен кездесті

ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келіп, Тараз қаласындағы бірқатар кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандарды аралап, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Ерұлан Жамаубаев ең алдымен облыс орталығындағы «Энерджи-Тараз» серіктестігіне бас сұғып, ондағы жұмыс жағдайымен танысты.

Бұдан соң, «Әмір және Д» зауытына барып, әулиеаталық ақ халаттылармен тілдессе, кейінірек көркем гимнастика және үстел теннисі орналасқан спорттық ғимаратқа да барды.

Вице-Премьер-қаржы министрі «Достық» үйінде тараздықтармен кездесіп, тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді.

Басқосуда қаржы министрінің орынбасары Абзал Бейсенбекұлы баяндама жасап, көрсеткіштерге және бірқатар мәселелердің шешілу барысына тоқталды.

Сондай-ақ, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров сөз алып, бүгінгі таңда облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, биылғы жылдың қаңтар және наурыз айларының қорытындысына сай экономикалық өсім 102,4 пайызды құраған.

- Есепті кезеңде өзіндік кірістер 31,4 миллиард теңгеге орындалып, 56,1 пайызға артты. Инфляция деңгейі наурыз айында 3,1 пайызды құрады. Алғашқы 3 айдың қорытысымен облысқа 69 миллиард теңге инвестиция тартылып, өсім 3,1 пайызды құрады. Биыл 572 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 85,4 миллиард теңгеге 500-ге жуық жұмыс орнын құрайтын 21 жеке инвестиялық жоба іске асырылады деп күтілуде, - деді Нұржан Календеров.

Сұрақ-жауап форматында жалғасын тапқан кездесуде тараздықтар өздерін мазалап жүрген сауалдарға нақты жауаптар ала алды.

Жергілікті тұрғындар тарапынан негізінен такси жүргізушілері мен курьерлерге салық салуға, өзге аймаққа тиесілі мердігерлердің жұмысына әрі бюжеттік қызметкерлердің жалақысын өсіруге қатысты мәселелер көтерілді.

Ерұлан Жамаубаев әрбір сұраққа заң аясында жауап беріп, Мемлекет басшысының тапсырмасына сай өзі басшылық ететін министрліктің құзыретінде тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын баса айтты.

Кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдаулар ұйымдастырылды.

Айта кетейік, дәл осы күні Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен баспасөз брифингін өткізді.

Жамбыл облысы әкімдігі
29.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 76
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 77
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 187
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 190
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 406
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 368
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 987

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9064
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8461
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11688
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9450
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10668