ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Жезқазғанда болып қайтты

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Жезқазғанда болып қайтты

Жезқазғанға жұмыс сапарымен ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр келді. Ол Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекпенбірге Ұлытау облысын құруға дайындық барысыментанысты.

Роман Склярдың назарына болашақ әкімшілікорталықты салу жобасы ұсынылды. Алдын алаегжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әкімшілікғимараттар, тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандаркешенін қамтиды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасарымемлекеттік және құқық қорғау органдарынорналастыру жоспарланған бірқатар әкімшілікғимараттарды қарап шықты. Олар орналасқан үй-жайлар жөндеуді қажет етеді, ал кейбір мемлекеттікоргандар үшін әлі де ғимараттар табу қажет.

– Біз Жезқазғанды дамытудың әлеуеттікжобаларымен таныстық, мемлекеттік органдардыорналастыруға арналған ғимараттарды қарапшықтық. Енді біздің алдымызда үлкен міндет тұр – қаланы облыс орталығы деңгейіне дейін дамыту, – деді Жеңіс Қасымбек.

Нысандарды аралағаннан кейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Ұлытау облысынқұру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

– Бүгін мен Ұлытау облысын құру жөніндегідайындық жұмыстарының барысымен таныстым. Жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарын, соттарды, орталық мемлекеттік органдардыңфилиалдарын әкімшілік, шаруашылықғимараттармен қамтамасыз ету, қызметкерлер үшінтұрғын үй салу, коммуникациялар жүргізу алда тұр, – деді Роман Скляр.

Кеңес қорытындысы бойынша ұйымдастырумәселелерін шешуге қатысты тапсырмалар берілді.

Жомарт Шаймұрат
28.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28054
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27537
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44914
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40567
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45224