Еуропа қайта құру және даму банкі баспасөз қызметінің хабарламасында: «Елдегі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қазақстан қор биржасында 50 млрд теңгеге облигация орналастырады. Оны Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) қаржыландырады. Инвестиция ұлттық теміржол операторына өз балансын қайта құруға және дағдарысқа қарсы шаралар кешенін жүзеге асыруға, соның ішінде пандемия салдары мен жалғасып жатқан геосаяси күйзеліспен күресу үшін жүк тасымалдау қызметін қайта ұйымдастыруға көмектеседі. Бұл ЕҚДБ-ның Қазақстандағы ұлттық валютадағы облигацияларға салған алғашқы инвестициясы және тәуекелсіз TONIA мөлшерлемесімен байланысты купоны бар жергілікті компанияның облигациялардың бірінші шығарылымы. TONIA Composite Index (TCI) көмегімен есептелетін TONIA тәуекелсіз мөлшерлемесін Қазақстан Ұлттық Банкі, ЕҚДБ және елдің жетекші қаржы институттары бірлесіп әзірледі және несиелік құралдар үшін эталондық мөлшерлеме ретінде пайдаланылады. 1720-дан астам локомотив пен 46 200 жүк вагоны бар 16 000 шақырымдық теміржол желісіне иелік ететін және оны басқаратын ҚТЖ бұл қаражатты Орта дәліз, яғни Транскаспий халықаралық көлік жолы (ТХКЖ) бойындағы негізгі инфрақұрылымдарды жаңартуға пайдаланбақ. Бұл жол – Еуропа мен Азияны байланыстыратын Ресейді айналып өтетін жол», – дейді.