Құйылған инвестиция көлемі 2 трлн теңгеден асты

Құйылған инвестиция  көлемі 2 трлн теңгеден асты

Маңғыстауда өңір экономикасын ілгерілету аясында сан түрлі салаға тартылған инвестиция есебінен ондаған жоба іске асырылып жатыр. Соңғы жеті жылда облыстың кешенді дамуына құйылған демеуқаржы көлемі 88%-ға өскен. Өңірде төрт мыңнан астам жұмыс орны құрылып, жалпы сомасы 2 трлн теңгеден астам 41 инвестициялық жобаның пулы қалыптасқан.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев маңызы зор ауқымды жобалар жөнінде тың ақпаратпен бөлісті. Ауқымды жобалардың бірегейі – «Қаламқас-теңіз», «Хазар», «Әуезов» кен орындары. Жобаны толық іске асыру 6 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

«2023 жылдың ақпан айында ҚР Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасында жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде жалпы қоры 81 млн тонна мұнай қорын құрайтын кен орындарын игеруге жақсартылған модельдік келісімшартқа қол қойылды. Жобаға 6 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартылады. Жобаны ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде 2 мың жұмыс орны құрылады. 2028 жылы өндіріс ісі басталып, жылына 4 млн тонна мұнай өндіру көзделген», – деді Жұмабай Қарағаев.

 Сонымен қоса ол  жобалау жұмыстары былтыр бастау алғандығын мәлімдеді. Ал келер жылдың соңында болат құрылымдардан теңіздегі кешен платформаларының құрылысын бастау жоспарланған. Кешен жағалаудан 64 шақырым қашықтықта «Қаламқас-теңіз» құрылымы аумағында орналасады.

Жұмабай Қарағаев «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС 2028 жылдың соңында «Қаламқас-Хазар» кен орнында алғашқы өндіріс жайлы жария ететіндігін, ал ҚМГ-ның шетелдік стратегиялық серіктесі ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясы екенін айтты. Сондай-ақ, жобаны іске асыру үдерісіне қазақстандық верфтер мен металл конструкцияларын (Ақтау, Баутино, Құрық) өндіру алаңдарын тарту  көзделгендігі  атап өтілді.

Инвестиция тартуға бағытталған тағы бір жоба полипропилен өндірісіне байланысты. Облыс әкімдігі әлеуетті инвесторлармен полипропилен өндіретін жаңа зауыт құру мәселесін пысықтау бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. 

Жоба «KMG PetroChem»  компаниясының бастамасымен «Жаңа полипропилен қондырғысының құрылысы» жобасын іске асыру мәселесін зерделеу бойынша жұмыстар басталды. Келіссөздер оң нәтиже берсе, құны 1 миллиард АҚШ долларын құрайтын зауыт 2026 жылы іске қосылады деп күтілуде. Құрылысқа 3 мыңға дейін жұмысшы тартылады, ал нысанды пайдалануға бергеннен кейін 800 жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда, – деді Жұмабай Қарағаев. 

Қазіргі уақытта аймақта белсенді зерттеліп жатқан тағы бір ірі жоба бар. Бұл – 980 миллион АҚШ долларын құрайтын темір зауытының құрылысы.

«YDА» түрік компаниясы бастамашы болып, аталған жобаны іске асыру мәселелерін зерттей бастады. Зауыт «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында орналасады деп күтіледі. Келіссөздер нәтижесінде жобаның 1 кезеңі 2026 жылы іске қосылады. Жоба аясында 2500 жаңа жұмыс орны құрылады, ал оның құрылысы кезінде 6 мың адам жұмыспен қамтылады», – дейді Жұмабай Қарағаев.

Осылайша, аталған үш жоба арқылы өңір экономикасына 7,98 млрд көлемінде АҚШ доллары немесе 3,6 трлн теңге көлемінде инвестиция қаржысы құйылады.

 

ГОЛРОХ ЖЕМЕНЕЙ
13.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 127
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 126
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 642
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 760
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 673
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 685

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8820
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8219
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11446
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9201
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10429