ҚҰЛДАЙ ЕҢБЕК ЕТКЕН, ПАТШАДАЙ ӨМІР СҮРЕДІ

ҚҰЛДАЙ ЕҢБЕК ЕТКЕН, ПАТШАДАЙ ӨМІР СҮРЕДІ

Сарымолдаев ауылдық округінің тұрғыны Ширван Яшаевич жылыжайда қызанақ өсіруде. Кәсіптің көзін тапқан азамат бір маусымда немесе бір еккенде жылына 3 тонна қызанақ өнімін жинайды. Жиналған өнімін аудан тұрғындарына және дүкендерге өткізеді.
Ширван Османов жылыжай шаруашылығымен айналысуда жаңа технологияны кеңiнен қолдануға көшкен шаруа. Айтуынша, 5 сотық жылыжайға тамшылатып суғару технологиясын енгiзіпті. Жылу құбырын жүргізіп, қызанақ өсіруді қолға алғанына 5 жыл болған.
– Жылыжай шаруашылықтарына мемлекет тарапынан ешқандай қолдау көрсетілмейді. Сондықтан аталған кәсіп түрімен айналысуға екінің бірінің қолы бара бермейді. Өйткені жылыжай шаруашылығы қол еңбегінен бөлек, қомақты қаржыны да қажет етеді.
Қызанақты күтіп-баптауда бағбан осы өсімдік жиі шалдығатын инфекциялардан қорғауды, яғни дезинфекция жасауды, жылыжайдағы температураны, топырақтағы, ауадағы ылғалдылықты талапқа сай бақылауды білуі керек. Жылыжайды бір мезгіл желдетіп тұру қажет. Өсімдіктер қызанақты көтере алмай құлап қалмас үшін оларды арнайы тартылған сырықтарға сабағынан байлау, топырақ құнарлылығы үшін қажетті тыңайтқышпен қамтамасыз ету секілді қатаң талаптар сақталуы ләзім. Біз осының барлығын меңгергеннен кейін ғана іске кірістік.
Жылда ақпан айында жылыжайға қияр, қызанақ егіп, оны күтіп-баптау, өнімді өткізу жұмыстарын інім екеуміз бірлесіп атқарамыз. Өнім қазір пісіп-жетіліп, шетінен саудалануда. Округте тұрғындар көп болғандықтан көкөністі ауыл тұрғындары, дүкен иелері, базарда көтерме саудамен көкөніс сататындар өздері тапсырыс беріп, алып кетеді. Ешқайда өнімді апарып, саудаламаймыз. Мысалы, жылына 3-4 тонна қызанақ жинасақ, оның бағасы шамамен жылыжай басынан 500-700 теңге аралығында сатылады, – деді ол.

Меркі Ауданы Әкімдігі
24.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5126
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5286
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20246
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18889
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22348