Құлыншақтарға қуаныш сыйлады

Құлыншақтарға қуаныш сыйлады

Қазақта: «Ауыл – азаматымен көрікті» деген жақсы сөз бар. Бүгінде осы құндылықты бойларына сіңіріп, ауылын көріктендіріп отырған азаматтар баршылық. Биыл Павлодар облысы, Шарбақты ауданына қарасты Арбиген ауылының тумасы Мұрат Әбішев есімді азамат туған ауылының бүлдіршіндеріне ерекше тосын сый жасады. Атап айтқанда заманауи балалар ойын алаңын орнатып, шағын саябақ салып берген.

Ақын Қайнар Алагөзов жырлағандай «Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді». Адам жетістіктің қандай шыңына шықса да, кіндік қаны тамған ауылға деген құрметі құлдырамайды. Арбигеннің тумасы Мұрат Әбішев бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында тұрса да, туған ауылының тыныс-тіршілігін назардан шығарған емес. Ауылдастарымен ақылдаса отырып, тұрғындарға не керек болса, соны жасап беруге дайын жүреді. Биыл жазда елді мекеннің дәл ортасына үлкен балалар ойын алаңын орнатып беріпті. Ауылға жұмыс сапарымен барған біз де балалардың сабақтан кейін топтасып, асыр салып ойнап жүргенін көрдік. Бүлдіршіндердің жүздері жайдары, көңілдері шат. Қазақта: «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» деген сөз бар ғой. Ауыл жанашыры бір балаға ғана емес, бүкіл бір ауылдың баласына күлкі мен қуаныш сыйлап, өзі де зор сауапқа кенелуде. Балалар ойнайтын орында ең соңғы үлгіде құрастырылған әдемі әткеншектер, сырғанақтар және әрбір жастағы ұлдарға арналған турниктер бар. Сонымен қатар жазғы уақытта батуттар орнататын орындар қарастырылған. Жеке кәсіпкердің жасап жатқан бұл игі істеріне ауыл тұрғындары да дән-риза.

– Ауылдың болашағы жастардың қолында деп жатамыз. Егер солай болса, сол жастарды кішкентай кезінен мейірімге бөлеп, қамқорлығымызға алуымыз керек. Біз бүгін оларға ізетпен қарап, барлық керек-жарағын қамтамасыз етсек, олар да ертең бізді құрметтейді. Сонымен қатар туған ауылына деген махаббаты күшейе түседі. Мысалы алма ағашынан жақсы дән алғысы келген бағбан оны шыбық кезінде суарып, тамырын жетілдіреді. Бұл да сол сияқты дүние. Біз осы ойын алаңының жанынан өткен сайын балалардың қуанышты күлкісіне куә боламыз. Сондықтан демеушілік жасаған ауылдас азаматқа алғыс білдіреміз, – дейді ауыл тұрғыны Жаңабек Мукин ақсақал.  

Жеке кәсіпкердің көмекшісі Қуаныш   Бөкеновтің сөзінше, ойын алаңымен жалғасқан демалыс саябағына 200-ге жуық жеміс ағашы отырғызылған. Егер саябақтың күтімі келісті болса бірнеше жылдың ішінде саябақ ағашында алма, өрік, шие, құлпынай, таңқурай сияқты жеміс-жидектер дән бере бастайды. Саябаққа тамшылатып суаратын техника орнатылған, арнайы тағайындалған жұмыскерлер бақты күтіп-баптау жұмыстарымен айнылысуда.

Арбигендік кәсіпкер тұрғындармен ақылдаса отырып, ауылды дамыту бағытында кешенді жоспар әзірлеген. Қазір сол жоспардың аясында жұмыс жүргізіуде. Мысалы ауылдағы мәдениет үйінің жанында жаздық тойхана құрылысы бой көтеріп келеді. Одан кейінгі жоспарда үлкен кісілер көлеңкелеп отырып, әңгімелесетін тапшан салу жұмысы тұр. Жақында көршілес Жаңа ауыл елді мекенінің мұсылман жамағаты үшін мешіт ғимаратын тұрғызып, ауылдықтардың алғысына бөленді. 

Құрылысқа жауапты мамандардың сөзінше, тойхананың жалпы аумағы 7-30 метрді құрайды. Биіктігі – 4 метр. Құрылысы енді ғана басталған жазғы тойхана ауыл тұрғындардың қолымен көтеріліп келеді. Бүгінде құрастырмалы тойхананың қаңқасын құрып, есік-терезелері әзірленуде.

– Өздеріңіз білесіздер, өткен жылдан бері тойханаларда той өткізуге және жабдық беруге тыйым салынды. Сондықтан жаңа тойханада санитарлық талаптардың барлығы ескерілген. Біріншіден, кең және еңсесі биік. Екіншіден, артқы қабырғасына үлкен 3 әйнек, алдыңғы қабырғасына 6 әйнек орнатылады. Яғни қанша адам жиналса да іші қапырық болмайды, желдетіп, ауасын тазартып отыруға болады, – дейді жеке кәсіпкердің көмекшісі Қуаныш Бөкенов.

Кәсіпкердің көмекшілерінің сөзінше, жылына бір рет дүние-мүлкінің зекетін шығарып, оны осындай қайырымдылық істерге жұмсайды. Яғни Алла алдындағы жауапкершілігін орындай отырып, сол арқылы ауыл халқына жақсылық жасап жәрдемдесуде.

Тілеуберді САХАБА
11.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 99
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 109
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 202
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 202
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 340
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 341
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 568
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 515

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9218
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8614
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11840
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9610
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10823