Құқық қорғаушылардың мерейі

Құқық қорғаушылардың мерейі

Ата заңымыздың 26 жылдығына орай 26 тамыз күні Орал қалалық әкімдігінде салтанатты жиын өтіп, құқық қорғау органы қызметкерлері қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

– 1995 жылғы жалпы халықтық референдумда қабылданған Ата Заңымыз тәуелсіздік алғаннан кейінгі халықтың маңызды таңдауы болды. Осыдан 26 жыл бұрын даму мен өркендеудің даңғыл жолы айқындалды. Негізгі заңымыз әлеуметтік-экономикалық дамудың өзегі, бірлік пен ынтымақтастықтың бұлжымас бағдары, кемел келешектің кепілі болды. Мемлекет саясатының нәтижесінде Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуеті Отанымыздың жоғары экономикалық дамуы мен халқымыздың әл-ауқатының артуына толықтай бағыт алып отыр. Еліміз егемендік алған кезден Қазақстанның кең-байтақ жерін мекендеген ұлттар мен ұлыстар қоян-қолтық еңбек етіп, бейбіт ғұмыр кешуде. Ең бастысы ұлтаралық келісім, достық пен татулықтың арқасында елімізде саяси тұрақтылық сақталуда. Осы мақсатта атқарылып жатқан көптеген игі істер соның айқын дәлелі, – деген шаһар басшысы Абат Абайұлы Конституцияның әр тармағы әр қазақстандықтың алдындағы арман-мақсаттарының орындалуына мүмкіндік беретін басты құжат екенін атады.

Салтанатты жиында қала әкімінің Алғыс хатына Орал қаласы №2 сот кеңсесінің мамандары Д.Чикеев, Ф.Танатова, Ж.Ғалымжанова, А.Дүйсенова, С.Дүйсенғалиева, М.Бекқалиева, Орал қаласы прокуратурасының прокурорлары Д.Ізтілеуова, Т.Есенғалиева, Н.Жорабеков, О.Әбдірәсіл, Е.Мизам және Орал қаласы полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы М.Құспанова, Орал қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы А.Көшкінова, Орал қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы А.Мұхаметияров, Орал қалалық әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы Ә.Мыңжасаров ие болды.

Мерекелік жиын «Жастар» мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік ән шашуымен тәмамдалды.

02.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 40
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 88
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 71
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 34
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 77
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 88
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 77
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 75
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 83
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 73
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 80
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 78
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 299

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9311
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8705
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11934
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9707
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10915