Құрама қоржынында – 3 медаль

Құрама   қоржынында –   3 медаль

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі: «Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Осы байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. Командалық спринтте Алёна Лифатова, Арина Ильященко, Алина Дауранова мен Кристина Шумекова квартеті күміс жүлдегер атанды. Нидерланд құрамасы мəреге бірінші келсе, Италия қола жүлдеге қол жеткізді», – деп хабарлайды.

Жалпы əйелдер жарысына 11 құрама қатысты. Олар: Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Оңтүстік Корея, Латвия, Нидерланд, Норвегия, Польша, АҚШ. Былтыр Инсбруктегі əлем чемпионатында еліміздің әйелдер құрамасы (Алина Дауранова, Инесса Шумекова, Дарья Гаврилова) командалық спринтте 3-орын алған. Осыған дейін Германиядағы додада Алина Дауранова 500 метрлік қашықтыққа жүгіруде (қола) және 1000 метрде (күміс) жүлде жеңіп алған болатын. Қазір Ұлттық құрама қоржынында 2 күміс пен 1 қола бар. Дүние жүзінің байрақты додасы өткен демалыс күні аяқталды.

 

Ермек Сахариев
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 47
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 45
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 50
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 46

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25128
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24647
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42073
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37934
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42405